2014 жылғы 14 қазандағы № 5/27/1675 хатқа
«Әскери мүлік айналымының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 шілдедегі № 687 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 29 қазандағы № 12040 сараптамалық қорытындысы
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Әскери мүлік айналымының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 шілдедегі № 687 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын қарап келесіні хабарлаймыз.
Пайдаланылмайтын әскери мүлікті тапсыру, іске асыру және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының (бұдар әрі – Қағидалар) 29-тармағының редакциясы нақтылауды талап етеді, себебі біріншіден, «Қазарнаулыэкспорт» (Казспецэкспорт) ұйымын қоспағанда, тағы қандай заңды тұлғалар өнімдерді кәдеге жаратуды жүзеге асыра алатындығы түсініксіз. Екіншіден, кәдеге жаратылған мүлікті іске асыру мүмкіндігіне ие болу үшін бұйрыққа қандай өзгерістер енгізу керек екендігі белгісіз.
ҰКП заңды және жеке тұлғалардың кең тобын ақпаратпен қамту мақсатында Қағидаларды қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алу) беру туралы хабарламаларды ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Мемлекеттік мүлік тізілімі» порталында міндетті орналастыруды көздейтін нормамен толықтыруды ұсынады.
Басқарма мүшесі Ж. Ертлесова
Полная версия

