2014 жылғы 8 қазандағы шығыс № 19-08/1-966 хатқа қатысты.
«Өнім транзитіне рұқсат беру Қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 29 қазандағы № 12034 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Өнім транзитіне рұқсат беру Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) қарап, келесіні хабарлаймыз.
Бұйрық жобасының 15), 16) тармақтарымен экспорттық бақылау облысындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылы қарастырылғандығын ескере отырып, Бұйрық жобасында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігін келісілетін орган ретінде көрсету мақсатқа сай деп санаймыз.
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес негізделген жауап жіберуді сұраймыз.
Басқарма мүшесі Р. Ошақбаев
Полная версия

