«Ғарыш қызметі туралы» 2014 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 11) және 14) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту туралы
Қоса беріліп отырған Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев):
1) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін көшірмесін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында тіркелуін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Е.К. Сағадиевке жүктелсiн.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20____жылғы ____________ № __ «____» қаулысының күші жойылды деп танылған күннен бастап, бірақ оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы № бұйрығымен бекітілген
Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды
мемлекеттік тіркеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
Осы Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабының 11) және 14) тармақшаларына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларына тиесілі ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды, сондай-ақ ғарыш кеңістігіне Қазақстан Республикасының аумағынан ұшырылатын шетелдік жеке немесе заңды тұлғаларға тиесілі ғылыми, әлеуметтік-экономикалық және қосарлы мақсаттағы ғарыш объектілерін (бұдан әрі – ғарыш объектілері) мемлекеттік тіркеу тәртібін жүзеге асыруды айқындайды.
2. Мынадай:
1) Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларына тиесiлi ғарыш объектілері, сондай-ақ осы ғарыш объектiлерiне құқықтар;
Полная версия

