«Ғарыш қызметі туралы» 2014 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
1. Қоса беріліп отырған ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (бұдан әрі - Қазғарыш) ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев):
1) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін көшірмесін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында тіркелуін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Е.К. Сағадиевке жүктелсiн.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20____жылғы ____________ № __ «____» қаулысының күші жойылды деп танылған күннен бастап, бірақ оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2014 жылғы № бұйрығымен бекітілген
Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті
жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға
сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
|
| Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: | Құжаттар | Ескертпе |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер) үшін |
|
|
|
| 1 | тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі | лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімінің және тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* |
|
| 2 | меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік базасы (үй-жайлар немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдық немесе бақылау-тексеру аппаратурасы) | меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік базасының (үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдықтың немесе бақылау-тексеру аппаратурасының) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* |
|
| 3 | жобаның мақсаты, өндіріс өрістетілетін немесе қызметтер көрсетілетін аумақ, мәлімделген жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін техникалық үдерістің сипаттамасы көрініс тапқан техникалық жоба | жеке тұлға еркін нысанда бекіткен техникалық жобаның болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* |
|
| заңды тұлғалар үшін |
|
|
|
| 4 | ұйым басшысында жоғары білімінің және басшы лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы | ұйым басшысында жоғары білімінің және басшы лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* |
|
| 5 | штатта тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандардың кемінде 10% болуы | штатта тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандардың кемінде 10% болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* |
|
| 6 | меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік база (үй-жайлар немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдық немесе бақылау-тексеру аппаратурасы) | меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік базасының (үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдықтың немесе бақылау-тексеру аппаратурасының) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* |
|
| 7 | жобаның мақсаты, өндіріс өрістейтін немесе қызметтер көрсетілетін аумақ, мәлімделген жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін техникалық үдерістің сипаттамасы көрініс тапқан техникалық жоба | заңды тұлғаның бірінші басшысы еркін нысанда бекіткен техникалық жобаның болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* |
|

