1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мeлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 қарашадағы № 248-V Заңы
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 83, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10, 11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат):
«1. Заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесі немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешiм қабылдаған орган бұл туралы заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органына, тіркеу орны бойынша мемлекеттік кіріс органына дереу жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.».
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 93-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар; № 7, 36-құжат; № 13, 62, 64-құжаттар; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76, 78-құжаттар; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 11-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 15-І, 15-ІІ, 88-құжат; № 16, 90-құжат):
«1. Тергеушi - өз құзыретi шегiнде қылмыстық iс бойынша алдын ала тергеудi немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам: арнайы прокурор, iшкi iстер органдарының тергеушiсi, ұлттық қауiпсiздiк органдарының тергеушiсi, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісі және экономикалық тергеу қызметінің тергеушiсi.»;
«4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет;
5) экономикалық тергеу қызметі;»;
«2. Құжаттар жазбаша да, өзге нысанда да тіркеп жазылған мәлiметтердi қамтуы мүмкiн. Құжаттарға, сонымен бiрге осы Кодекстiң 125-бабында көзделген тәртiппен алынған, талап етiп алдырылған немесе ұсынылған тергеуге дейiнгi тексеру материалдары (түсiнiктемелер және басқа да айғақтар, түгендеулердің, ревизиялардың актілері, анықтамалар, салықтық тексерулердің актілері, мемлекеттік кіріс органдарының қорытындылары), сондай-ақ компьютерлiк ақпаратты қамтитын материалдар, фото- және кино түсірілімдер, дыбыс- және бейнежазбалар жатады.»;
«3. Қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, iшкi iстер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда, прокурорлар да жүргiзедi.»;
екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 96 - 103, 107 (екiншi бөлiгiнде), 112, 113, 114, 116 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 117 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 120 - 122, 124, 125, 126 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 127, 128 (екiншi, үшiншi және төртінші бөлiктерiнде), 131, 132 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 132-1 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 133, 138, 138-1, 141 (екiншi бөлiгiнде), 142 (екiншi бөлiгiнде), 143, 145 (үшiншi бөлiгiнде), 146 - 153, 155, 174, 175 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 178 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 179, 180, 181 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 183-1, 185 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 186 (екiншi бөлiгiнде), 187 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 224, 227-2 - 227-10, 229, 230 (екiншi бөлiгiнде), 232, 234, 237, 241, 242, 242-1, 245, 245-1, 246, 246-1, 251 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 252 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 254 (екiншi бөлiгiнде), 255 (бiрiншi, үшінші және төртінші бөліктерінде), 257 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 259 (1-1, екінші, 2-1, үшінші және төртінші бөліктерінде), 260, 261 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 263 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 264, 267 - 269, 270 (екінші және үшінші бөліктерінде), 271 (екінші және үшінші бөліктерінде), 273-1, 275 (екiншi бөлiгiнде), 275-1 (екінші бөлігінде), 277 - 286, 287 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 288 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 289, 292 (екiншi бөлiгiнде), 294, 295, 298 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 299 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 300 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 301, 302 (екiншi бөлiгiнде), 303 - 305, 319, 319-1, 320 (екiншi бөлiгiнде), 321 - 322, 327 (үшiншi бөлiгiнде), 330-2 (екінші бөлігінде), 335 - 338-1, 339 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 340, 341, 343, 358 (екiншi бөлiгiнде), 360 (екінші және үшінші бөліктерінде), 361, 362 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 367 (төртінші бөлігінде), 368 (екiншi бөлігінде), 369 (екiншi бөлiгiнде), 370 (үшiншi бөлiгiнде), 373 (екiншi бөлiгiнде), 374 (екінші бөлігінде), 377 (екiншi бөлiгiнде), 381 (екінші бөлігінде), 382 (бірінші бөлiгiнде), 390 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 391 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 392, 393-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша, сондай-ақ осы Кодекстің 177-бабы екінші бөлігінің 2) тармағында көзделген тәртіппен қозғалған қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеудi iшкi iстер органдарының тергеушiлерi жүргiзедi.
3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176 (үшiншi бөліктің г) тармағында), 177 (үшінші бөліктің г) тармағында), 177-1 (үшінші бөліктің б) тармағында), 192 (екінші бөліктің в) тармағында), 193 (үшінші бөліктің а) тармағында), 209 (үшінші бөліктің а) тармағында), 226-1 (үшінші бөліктің б) тармағында), 269-1 (үшінші бөліктің в) тармағында), 307, 308, 310 - 315-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушілері жүргізеді.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
Полная версия

