Близость слов: Окончание:





«Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесінің мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 7 қарашадағы 2014 жылғы № 12575 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар
және даму министрлігінің
Байланыс, ақпараттандыру
және ақпарат комитеті
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесінің мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 1-тармағына және «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1-тармағына сәйкес орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын сараптамалық қорытынды алу үшiн, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, сарапшылық кеңестер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жiбередi.
Осыған байланысты жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғамайтын нормативтiк құқықтық актiнің жобасын қарау Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құзыретіне жатпайды.
Полная версия
ИС BestProfi