2014 жылғы 14 қазандағы № 12-2-629 хатқа
«Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекiту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 18 қарашадағы № 13216 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Қағидалар жобасы) қарап, келесіні хабарлаймыз:
Қағидалар жобасы бойынша келесіні ұсынамыз:
1) ұғымдық аппаратта «жылу өндіруші», «жылу беруші» анықтамалары болмағандықтан, 2-тармақтың 9-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «9) жылумен жабдықтау жүйесі - энергия өндіруші ұйымдардан, жылу желілері мен жылу тұтыну қондырғыларынан тұратын кешен;».
2) 2-тармақтың 16-тармақшасында келтірілген ұғымға сәйкес келтіру мақсатында, 2-тармақтың 10-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) жылу тұтыну жүйесі – бір немесе бірнеше жылу энергиясы түрлерін қабылдауға және пайдалануға арналған жылу тұтыну қондырғыларының кешені;».
3) Қағидалар жобасында «желі» және «жылу қондырғысы» анықтамалары болмағандықтан, 2-тармақтың 11-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) қосалқы тұтынушы - жылу желілері және (немесе) жылу тұтыну қондырғылары тұтынушының жылу желілеріне қосылған тұтынушы;».
4) Қағидалар жобасының мәтіні бойынша «жылу энергиясының жұмсалуын есепке алу нүктесі» анықтамасы пайдаланбағандықтан, 2-тармақтың 19-тармақшасы алынып тасталсын.
5) 2-тармақтың 20-тармақшасында «есепке алуды» деген сөздерден кейін «және деректерді қашықтықтан беруді» деген сөздермен толықтырылсын.
6) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі №334 бұйрығымен бекітілген Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидаларына сәйкес келтіру мақсатында 2-тармақтың 21-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «21) сараптамалық ұйым - энергетикалық сараптаманы өткізуге аккредиттелген ұйым;».
7) 3-тармақтың 1-абзацындағы «Жылу энергиясын сатып алу-сату» деген сөздерден кейін «энергиямен жабдықтаушы және (немесе)» деген сөздер алынып тасталсын, себебі энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыларға сатып алынған жылу энергиясын сатуды Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
8) 3-тармақтың 3-абзацында «және өзге құжаттар» деген сөздер алынып тасталсын немесе осы абзац Шартқа қоса берілетін құжаттардың нақты тізімімен толықтырылсын, себебі «және өзге құжаттар» деген сөздер ұсынылатын тізімдегі құжаттардың көбеюіне және техникалық шарттарды алу үшін тапсырылған өтінімдерді қарау мерзімінің ұзартылуына әкелуі мүмкін.
9) 9-тармақтың 2-тармақшасындағы «және шарт талаптарына» деген сөздер алынып тасталсын. 5-тармақтың 2-абзацына сәйкес тұтынушының тұтынылатын жылу энергиясының жүктемесі мен мөлшерін шартта көрсетілгендерден жоғары, бірақ алынған техникалық шарттарда мәлімделген және тіркелген жобалық шамалардан аспайтындай етіп арттыруына шартқа тиісті өзгерістер енгізілген жағдайда энергиямен жабдықтаушы ұйымның рұқсатымен жол беріледі.
10) 10-тармақтың 1-абзацында техникалық шарттарды берудің «екі апталық» мерзімі 2016 жылға қарай Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингінің бірінші 30-елдің қатарына кіру бойынша шаралар жоспарының 19-тармағында көзделген 5 жұмыс күніне дейін мерзімге ауыстырылсын.
10-тармақтың 2-абзацындағы «деректер» деген сөзден кейін «объектінің атауы, объектінің орналасқан жерi, ұйымның толық атауы, мекенжайы мен телефоны,» деген сөздермен толықтыруды ұсынамыз.
10-тармақтың 3-абзацы алынып тасталсын, себебі «және өзге деректер» деген сөздер ұсынылатын тізімдегі құжаттардың көбеюіне және техникалық шарттарды алу үшін тапсырылған өтінімдерді қарау мерзімінің ұзартылуына әкелуі мүмкін.
11) 12-тармақ алынып тасталсын, себебі бұл тармақ 9-тармақтың 2-тармақшасының мазмұнын қайталайды.
12) 14-тармақ мынадай мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын: жылу желілерін төсеу тәсілі, салынатын жатқан немесе қайта жаңартылып жатқан жылу желілерінің баланстық және пайдалану тиесілілігі мен тараптардың пайдалану жауапкершілігінің шекаралары.
13) 19-тармақ алынып тасталсын, себебі бұл тармақ 15-тармақтың мазмұнын қайталайды.
14) 21-тармаққа сәйкес энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның жылу желілеріне қосылуды осы (қосылу бойынша) жұмыстардың ақысы төленгеннен кейін тұтынушының жазбаша өтініші бойынша ұйымның өзі жүзеге асырады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 29 қарашадағы №276-НҚ және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2006 жылғы 1 желтоқсандағы №318 бірлескен бұйрығымен бекітілген Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесінде жылу желілеріне қосылу бойынша қызмет көзделмеген. Көрсетілген тізбедегі 5-тармақтың 9-тармақшасына тұтынушылардың өтінімдері бойынша жылу желісіне қосу бойынша қызмет енгізілген. Осыған орай, Қағидалар жобасының мәтіні бойынша «қосылу» деген сөзді «қосу» деген сөзбен ауыстыру қажет.
15) 28-тармақта тұтынушылардың коммерциялық есепке алу аспаптарын жөндеуді және оған қызмет көрсетуді мамандандырылған ұйымдарда жүзеге асыру міндеті көзделген. Сонымен бірге, құралдар және оқытылған персонал болған кезде тұтынушы коммерциялық есепке алу аспаптарын жөндеуді және қызмет көрсетуді өз бетінше жүзеге асыра алады. Қағидалар жобасында құралдар және оқытылған персонал болған кезде тұтынушының коммерциялық есепке алу аспаптарын жөндеуді және қызмет көрсетуді өз бетінше жүзеге асыру мүмкіндігін бекітуді ұсынамыз.
16) 30-тармақ алынып тасталсын, себебі коммерциялық есепке алу аспаптарына тексеру жүргізілетін жағдайлар Қағидалар жобасының 28-тармағында көрсетілген.
17) 34-тармақты мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз: «34. Коммерциялық есепке алу аспаптары тексеруде болған жағдайда, тұтынылған жылу энергиясы үшін төлемді тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен реттеуші орган бекітетін тарифтер бойынша жүргізеді.».
18) Қағидалар жобасының 40 және 77-тармақтарындағы қайшылықты жою қажет. Осылайша, 40-тармақта шартта белгіленген мерзімдерде жылу энергиясына төлем құжаты бойынша ақы төленбеген жағдайда, энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым егер шартта өзгеше көзделмесе, жылу энергиясын беруді тоқтатуға немесе шектеуге дейін кем дегенде үш тәулік бұрын тұтынушыны хабардар ете отырып, жылу энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтатуға құқылы деп көрсетілген.
Бұл ретте, 77-тармақшада шартта белгіленген мерзімдерде тұтынылған жылу энергиясы үшін төлем төленбеген жағдайда, энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыны жылу энергиясын беруді шектеуге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей ескертетіндігі көзделген.
19) Қосалқы тұтынушылар осы Қағидалардың талаптарын бұзған кезде энергиямен жабдықтаушы ұйымның оларды ажырату жөніндегі ұйғарымдарын орындамағаны үшін тұтынушыға жылу энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтатуды көздейтін 40-тармақтың 12-тармақшасы нақтылауды қажет етеді.
Тұтынушылардың өтінімдері бойынша жылу желілеріне қосу бойынша қызмет Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген.
Осыған орай, энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның жылу желілеріне қосуды осы жұмыстардың ақысы төленгеннен кейін тұтынушының жазбаша өтініші бойынша ұйымның өзі жүзеге асырады.
Бұл ретте Қағидалар жобасында қосалқы тұтынушыны тұтынушының жылу желілеріне кім қосатыны айқындалмаған: энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым немесе тұтынушы (қосалқы тұтынушы). Осыған орай, тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйымның ұйғарымдары негізінде қосалқы тұтынушыны ажыратуға не себептен міндетті екені түсініксіз.
Сондай-ақ, Қағидалар жобасының 62-тармағының редакциясына сәйкес, егер тұтынушы пайдаланылған энергияға төлем жасамағаны үшiн белгiленген тәртiппен ажыратылса, онда оны қайта қосу борыш өтелгеннен кейін және оны ажырату/қосу бойынша шығындардың орны толтырылғаннан кейін жүргiзiледі.
20) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидаларын әзірлеу және бекiту құзыретіне байланысты, «Тұтынушыға жіберілетін будағы жылу энергиясының мөлшерін айқындау» деген 8-бөлімді және «Тұтынушыға жіберілген ыстық судағы жылу энергиясының мөлшерін айқындау және тұтынушыларға қайтарылатын конденсаттың мөлшерін айқындау» деген 9-бөлімді алып тастау қажет. Осыған орай, жоғарыда көрсетілген бөлімдерді жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидаларына енгізуді ұсынамыз.
21) 69-тармақтың 6-абзацы мағынасына қарай аяқталмаған.
22) Қағидалар жобасының мәтіні бойынша жылу желілерінің баланстық тиесілілігін шектеу актісі, тараптардың пайдалану жауапкершілігі актісі, жылу тұтыну қондырғыларының және жылу желілерінің техникалық дайындық актісі, қосу актісі және т.б. сияқты әртүрлі актілерді жасау көзделген. Осыған орай, Қағидалар жобасында көрсетілген актілердің үлгілерін Қағидалар жобасына қосымшалармен ресімдеу қажет деп санаймыз.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, нормативтік құқықтық актіні пысықтау барысында көрсетілген ескертулер мен ұсыныстарды ескеруді сұраймыз. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жіберуі сұраймыз.
Басқарма мүшесі –
Басқарма Төрағасының орынбасары М. Дузбаева
Полная версия

