Близость слов: Окончание:





«Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 24 қарашадағы № 13509 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрi - Қағидалар) қарап, келесiні хабарлаймыз.
Қағидалардың бірқатар тармақтарында, сондай-ақ оның қосымшасында (50%-ға дейін) субсидиялау мөлшерін белгілеудің анық еместігіне назар аударамыз.
Мысалы, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге жыл сайын тыңайтқыштар мен гербицидтер құнын арзандатуға (50 %-ға дейін)  бөлінеді деп көрсетілген.
Фермерлер бірнеше рет жүгінгеннен кейін оларға 2013 жылы құнның 50%-ға дейін мөлшерін өтеу туралы сөз берілген, іс жүзінде (жергiлiктi атқарушы органдарда қаржының жетiспеушiлiгiне байланысты) фермерлерге тек 25% қайтарылды. Нәтижесінде, белгіленген цифрларға қарап отырған фермерлерде берешектер пайда болған.
Субсидияларды берудің анық емес тұжырымдамалары фермерлердiң қызметiн жоспарлау үшiн сенiмдi бағдар болып табылмайды. Осыған байланысты, жергiлiктi бюджеттердiң мүмкiндiктерiн ескере отырып субсидиялардың нақты мөлшерлерін айқындауды сұраймыз.
1. Қағидалардың 4-тармағының 4-тармақшасына жобалау-іздестіру жұмыстарын кім жүзеге асыратындығын және осы жұмыстардың көлемдерiн кім келісетіндігін көрсете отырып нақтылауды енгізу қажет деп санаймыз.
2. Қағидалардың 5-тармағының 5-тармақшасына да нақтылау енгізу қажет – осы учаскенің плантациялық өсіру мүмкіндіктері мен мақсаттарына сәйкестігін, немесе оның тек мал жаю үшін жарамды екенін және т.б. кім айқындайды. Осы жұмысты орман орналастырушылар плантациялық бизнесті жүргізуге арналған орман жерлерінің жарамдылығын зерттеу үшін қажетті мамандарды тарта отырып жүргізуі және осы жерлердің аталған мақсаттарға жарамсыздығы анықталса, толық материалды жауапты болуы тиіс, себебі осы мақсаттарға бюджеттік, сондай-ақ сырттан тартылған едәуір қаражат бөлу болжануда.  
Қағидалардың 5-тармағының 6-тармақшасын нақтылау қажет, себебі жұмыс (үлгiлік) жобасын бағдарлама әкiмшiсі әзірлейтін болса, оның келісуін де әкімші жүзеге асыруы тиіс.
7-тармақтың 3-тармақшасының талаптарын мынадай себептер бойынша дұрыс емес деп есептейміз: Мысалы, кәсiпкерде не жеке меншік орман қоры, не ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарты болмаса да, кәсіпкерліктің дәл осы түрін дамытуға ниеті бар. Осыған байланысты, әлеуетті кәсiпкерлердің осындай санаты шектеледi.
Басқа мысал, кәсiпкер орман қорының учаскесін ұзақ мерзiмге жалға алады, ал комиссия жобаны іске асыруға рұқсат бермейді. Учаскенің мәлімделген мақсаттарға сай келетін-келмейтінін білмеген жағдайда, жеке меншік орман қорының немесе ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының бар болуы туралы талаптардың қандай қажеті бар. Ұсынылатын учаскелерді әкiмшi барлық туындайтын зерттеулермен және бизнес-жобаны іске асыру үшін сәйкестігімен бөлуі тиіс деп санаймыз.
10-тармақтың 3) және 4 ) тармақшаларын алып тастауды ұсынамыз, себебi кез келген жобаны іске асырған кезде қажет етiлетiн параметрлер көрсетілген бизнес-жоспарлар жасалады. Жобаны іске асыруға арналған учаскенің параметрлері алдын ала белгілі болмаған жағдайда, бизнес-жоспарды құруға да мүмкіндік жоқ. Сондай-ақ, Әкімшінің үміткерлерді топырақты зерттеу нәтижелері, олардың бонитет-балы көрсеткіштері, су ресурстарының бар болуы, елді мекендердің бар болуы және арасындағы қашықтығы және т.б. сияқты маңызды параметрлер көрсетілмеген тек үлгілік жобамен қамтамасыз ететіндігін ескеру қажет.  
13-тармақта қатысушының жобалау-iздестіру жұмыстарына жұмсалатын шығындарды төлеуі көзделген, алайда (учаскенің жарамсыздығы анықталған жағдайда) зерттеуге жұмсалған қаражатты қайтару ескерiлмеген.
2-бөлімнің 5-тармағын (Тараптардың құқықтары) алып тастауды ұсынамыз, себебi қатысушы орындалған жұмыстар шығындарын өтеу бойынша уақтылы төлеуді талап етпеуi тиіс деп есептеймiз. Әкiмшi уақтылы төлеуді жүзеге асыруға мiндеттi.
3-бөлімнің 6-тармағын (Тараптардың міндеттері) үлгiлік жобаларды, шарттарды, сондай-ақ тиісті мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келетін учаскелер тiзiлiмін қамтитын тармақшалармен толықтыруды ұсынамыз.
4-бөлімге (Тараптардың жауапкершілігі) Әкiмшiнiң үлгілік жобаның пысықталмауы, учаскелердің сәйкессіздігі нәтижесінде және басқа да себептермен iске асырмалған жоба үшін жауапкершiлiгiн де қосуды ұсынамыз.
Бұдан басқа, Қағидаларда мынадай нормалар ескерілуі тиіс деп санаймыз:
- тез өсетін тұқымдардың отырғызу материалын кімнен (қандай талаптарға сәйкес) сатып алу қажет;
- плантацияларды құрған кезде қандай технологияларды қолдану қажет;
- ұсынылатын тез өсетін тұқымдарды кім зерттеген және олар үшін кім жауапты болады.
Мерзімі отырғызу сәтiнен бастап кесуге дейін 10 немесе ең көп дегенде 15 жылдан аспайтын плантациялар ғана үнемдi болады. Бұл ретте 1 гектардан кемiнде 400-500 текше метр мөлшерінде ағаш биомассасы қамтамасыз етілуі тиiс.
Осы құжат әлеуетті инвестордың ғана емес, барлық қатысушылардың құқықтарын, мiндеттерін, жауапкершiлiгі мен рөлін көздеуі және ескеруі тиіс. Ұсынылған түрде (толық пысықталмай) құжат мемлекеттік қолдау ескерілсе де инвестициялаудың жоғары тәуекелі себебінен әлеуетті кәсіпкерді тарта алмайды.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, бұйрық жобасын пысықтау кезінде көрсетілген ескертулер мен ұсыныстарды ескеруді сұраймыз. Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес негізделген жауап жіберуді сұраймыз.
Полная версия
ИС BestProfi