Близость слов: Окончание:





«Медициналық қызметтерді көрсету, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» бірлескен бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 10 қазандағы № 11042 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму
министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Медициналық қызметтерді көрсету, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) қарап, келесіні хабарлаймыз.
  1. Бұйрық жобасының мазмұны бойынша ұсынылған тексеру парақтарының нысандарына сәйкес «медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі сараптаманы жүргізу тәртібін сақтау» жеке кәсіпкерлік субъектісін тәуекел аймағына жатқызу критерийінің бірі болып табылатынын атап өтеміз.
Сонымен қатар, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекстің 58-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 1577 қаулысымен бекітілген Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларына сәйкес медицина қызметкерлерінің білім деңгейін арттыру және емдеу-диагностикалық үдеріске оңтайлы тәсілдерді пысықтау мақсатында ішкі сараптаманың нәтижелері ауруханаішілік комиссиялардың отырыстарына, дәрігерлік конференцияларға шығарылады және талқыланады, кейіннен басқару шешімдері қабылданады.
  Ішкі аудиттің медициналық ұйымдардың ішкі процестерін жақсартуға бағытталғанын ескере отырып, АДА жұмысының нәтижелері тексеруді жүргізу кезеңділігіне әсер ететін критерийлерге жатқызылмауы тиіс.
  2. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың көтерме және бөлшектік саудасын жүзеге асыратын объектілерге арналған жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтары нысандарының 4-тармағындағы «Өнім берушілер мен сатып алушыларда дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың көтерме және (немесе) бөлшектік саудасына лицензия көшірмесінің болуы» деген критерийден «медициналық техника» деген сөздерді алып тастауды ұсынамыз. Себебі медициналық техниканың көтерме/бөлшектік саудасы бойынша қызметті лицензиялаудың күші жойылған.
  Жоғарыда баяндалғанның негізінде, берілген ұсыныстарды ескеруді сұраймыз.  
«Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келiспеу себептерiнің негiздемесі бар жауап жiбередi.
Полная версия
ИС BestProfi