1. Осы «Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
Внимание! Документ утратил силу с 01.04.2014
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 127-ө бұйрығына 10-қосымша
10-қосымша күшін жойды 14.06.2014 жылдан бастап ҚР Еңбек халықты әлеуметтік қорғау министрінің 01.04.2014 жылғы № 139-ө Бұйрығына сәйкес
«Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
Регламент 10-қосымшамен толықтырылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.12.2012 жылғы № 468-ө-м Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
2. Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жерлеуге арналған біржолғы төлем – зейнетақы немесе жәрдемақы алушы адам қайтыс болған жағдайда, оны жерлеудi жүзеге асырған адамға берілетін біржолғы төлем.
2) жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары;
3) жерлеуге арналған біржолғы төлемді алушы (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) – уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерін алушыны, сондай-ақ оның ішінде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушыны жерлеуді жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлға;
4) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрі – уәкiлеттi орган) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
5) уәкiлеттi ұйымның филиалы – уәкiлеттi ұйымның облыстық, Астана мен Алматы қалаларының филиалдары;
6) уәкiлеттi ұйымның бөлімшелері – уәкiлеттi ұйымның қалалық, аудандық бөлiмшелерi;
7) ОДҚ – уәкiлеттi ұйымның Орталық дерекқоры;
8) мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – бұл мүдделі органдардың жауапты тұлғалары, ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері;
9) электрондық-цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиыны.
3. Мемлекеттік қызметті уәкілетті орган көрсетеді, олардың мекенжайлары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 393 қаулысымен бекітілген «Жерлеуге арналған біржолғы төлемдерді тағайындау» стандартына (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшада көрсетілген.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет:
1) «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Заңының 11-бабы 32-тармағының;
2) «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-1-тармағының;
3) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 8-бабы 2, 3-тармақтарының;
Полная версия

