2014 жылғы 10 қазандағы № 15-06-1393/и хатына
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 13897 сараптамалық қорытындысы
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Ұсынылған «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) қарап, келесіні хабарлаймыз.
1) Қазiргi уақытта «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2030 жылға дейiнгi тұжырымдамасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 724 қаулысына сәйкес электр энергиясы рыногы моделiндегі проблемалардың бiрі электр энергиясын коммерциялық есепке алу автоматтандырылған жүйесінің (бұдан әрі - ЭКЕАЖ) сағаттық болмауы көтерме нарықтың қатысушылары арасында тұтынудың ішкікүнделікті көлемін дұрыс түрде бөліп беруге мүмкіндік бермейді.
Сонымен бірге, жел және күн электр станциялары жұмыстың тұрақсыздығымен ерекшеленеді. Келешекте, генерациялау құрылымындағы ЖЭС және КЭС үлесінің өсуі энергия жүйесінің жұмыс сенімділігінің төмендеу қауіпін туғызады. Сондықтан, электр энергиясының көтерме сауда нарығының қатысушылары үшін, әсіресе ЖЭК қондырғылары үшін ЭБЕАЖ сағаттық жүйесінің болуы нарықта жұмыс істеу үшін міндетті шарт болуы тиіс. Бұл ретте, ЭКЕАЖ сағаттық жүйесін орнатуға қойылатын нормативтік талаптар да, экономикалық ынталандырулар да қолданылуы мүмкін.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Бұйрық жобасына ЖЭК объектілерінде ЭКЕАЖ-ды орнату бойынша ЖЭК-ті пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға қойылатын талапты енгізу қажет деп санаймыз.
2) ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алу шартын жасау, белгілі бір шарттар орындалған кезде, атап айтқанда, ЖЭК пайдалану бойынша объекті және өтініш беруші тізбеге енгізілген жағдайда болжанады. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» ҚР Заңының 6-бабы 10-3-тармағына сәйкес уәкілетті орган ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды есепке алуды жүргізеді және олардың тізбесін өзінің интернет-ресурсында жариялайды. Қазіргі кезде көрсетілген тізбеге енгізу бойынша тәртіп жоқ, бұл келешекте ЖЭК пайдалану бойынша жобаларды әзірлеу кезінде сыбайлас жемқорлыққа әкелуі мүмкін. Осыған орай, Бұйрық жобасы шеңберінде осы тізбеге енгізу тәртібін жазуды ұсынамыз.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, нормативтік құқықтық актіні пысықтау барысында көрсетілген ескертулер мен ұсыныстарды ескеруді сұраймыз. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді.
Басқарма мүшесі – Басқарма Төрағасының орынбасары М. Дузбаева
Полная версия

