Близость слов: Окончание:





«Тапсырысшының-құрылыс салушының қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 13985 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
 Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Тапсырысшының-құрылыс салушының қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Қағидалар жобасы) қарап, осы Сараптамалық қорытындының 1, 2, 3-қосымшаларында көрсетілген ұсыныстар мен ескертулер бар екендігін хабарлаймыз.
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Занының 15-бабының 4-тармағына сәйкес келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жіберуді сұраймыз.
Осы баптарда көзделген рәсімдер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың міндетті шарттары болып табылады.
Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасының орынбасары Ю. Якупбаева
Полная версия
ИС BestProfi