Близость слов: Окончание:





Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1288 қаулысы
Редакция 07.05.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның денсаулық сақтау жүйесінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.06.2019 жылғы № 380 Қаулысына сәйкес (18.06.2015 ж. редакцияны қараңыз)
3) осы қаулыға қосымшаға сәйкес өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар айқындалсын.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.06.2015 жылғы № 457 Қаулысымен (09.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.06.2015 жылы № 120 (28598) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1288 қаулысына
қосымша
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.06.2019 жылғы № 380 Қаулысына сәйкес (18.06.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.04.2021 жылғы № 239 Қаулысымен (06.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар

Р/с №

Келісетін мемлекеттік орган

Лицензияланатын қызмет түрі

Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі

Лицензиар

1

2

3

4

5

1

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет

1. Есірткі заттарын әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою.

2. Психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру.

3. Психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою.

4. Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау.

5. Құрамында психотроптық заттары бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

2

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет

1. Есірткі заттарды әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою.

2. Психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру.

3. Психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою.

4. Құрамында есірткі заттар бар 3өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау.

5. Құрамында психотроптық заттар бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

3


 

Денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет

сатып алу, сақтау, бөлу, өткізу, пайдалану, жою

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган

Полная версия
ИС BestProfi