Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
 2014 жылғы 10 қазандағы
 № 3-3/517 бұйрығына
 6-қосымша
6-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2016 жылғы № 239 Бұйрығына сәйкес (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
6-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.07.2023 жылғы № 277 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 14.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қаракөл қойларын бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Қаракөл қойларын бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және қаракөл қойларына бонитирлеу жүргізуді нақтылайды.
2. Қаракөл қойларын бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.
2-тарау. Қаракөл қойларын бонитирлеуді ұйымдастыру
3. Қозылардың сапасын бонитирлеу екінші-үшінші күні, ашық жерде өткізіледі, күннің шашыраңқы сәулесі қозының үстіне түскені абзал.
Бонитирлеудің екінші кезеңі 15-20 күні жүргізіледі. Бұл ретте қозының дамуы, қаракөл қасиетінің сақталуы, шайырлығы ескеріледі. Терінің пигментациясы мен бұралымы жаман сақталып, ақ және құрғақ жүннің пайда болуы қозыларды асыл тұқымға қалдыруға болмауына себеп, ол шығарылып тасталады.
4. Әлсіз және тұрпаты артық дамыған нәзік және қырық тұрпаты жануарларды жекелеген отарларға бонитирлеу сыныбына қарамастан жинақтайды.
5. Қозылардың құлақтарына ен салады және қаракөл типіне жататындығын белгілейді, бұйралығының өлшемі мен сыныбы, әр түрлі түстегі бұйраның түсі мен реңі анықталады.
6. Бонитирлеу өткізетін жерде арнайы орындығы бар үстелдер жабдықталады. Кептірілген және мұқият тазартылған қозылар бонитирленеді. Жаңа туған қозылардың құлағына енесінің нөмірін, туған уақытын, отардың нөмері көрсетілген сырға тағады.
7. Бонитирлеу аяқталған соң асырауға қалдырған қозыларды түгендеп, белгіленген тәртіппен есеп жүргізеді.
8. Қаракөл қойының туған кезіндегі бұйрасының түрі мен пішініне қарай бес елтірілік типке бөлінеді:
жакеттік (қаламгүл бұйралар мен баданалар)-қозылардың құйымшағы мен жон арқасында ұзын және орташа қаламгүл бұйралар, бүйірінде ені әртүрлі орташа және қысқа қаламгүл бұйралар немесе жон арқасы мен құйымшағында ұзын және орташа қаламгүл бұйралар, бүйірінде орташа және қысқа бұйраға өтіп, ірі бұршақ пен арзымайтын көлемде жал бұйра араласуы мүмкін;
қабырғагүл қырлы бұйралар мен жал бұйралар-қозылардың құйымшағы мен жон арқасында тығыз, серпімді, өңі әр түрлі ұзын және орташа ұзындықта қырлы бұйралар және жал, бүйірінде орташа және қысқа қырлы бұйралар мен жалға ауысады, арзымайтын көлемде қаламгүл бұйралар мен ірі бұршақ қатысуына рұқсат етіледі;
жазықгүл (жазық бұйра)-қозылардың бұйрасының ені екі түрлі, арқасы мен құйымшағында ұзын және орташа ұзындықтағы жазық бұйралар, жазық жал аралас,бүйірінде орташа және қысқа жазық бұйра мен жалға өтеді;
қаракөлше (жал бұйралар)-қозылардың жүні қысқа (5мм дейін), бұйралары жал теңбіл суретті (әшекейлі) муар тәріздес, жабының (түгінің) сапасы-реңденуі үдемелі, жібектілігі мен жалтырлығы күшті, қозының өсіп дамуы әдеттегідей;
кавказ типі (өсіңкі бұйра)-қозылардың бұйрасының ені әртүрлі, жабыны едәуір өсіңкі, құйымшағы мен арқасында онша тығыз емес, орташа және қысқа қаламгүл бұйралар басым келіп, қысқа қаламгүл бұйра мен ірі бұршаққа өтіп арзымайтын көлемде жал бұйра араласады.
9. Қозылар бағалау кезінде тері сапасына қарай бөлінеді:
Полная версия
ИС BestProfi