Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
 2014 жылғы 10 қазандағы
 № 3-3/517 бұйрығына
 7-қосымша
7-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2016 жылғы № 239 Бұйрығына сәйкес (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
7-қосымша өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.07.2017 жылғы № 301 Бұйрығымен (27.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.07.2023 жылғы № 277 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 14.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді бонитирлеу жүргізуді нақтылайды.
2. Түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.
2-тарау. Тұқымдардың фенотиптік белгілері бойынша жіктеуіші, ешкілердің таза тұқымдылығын анықтау
3. Жаңа тұқымдарды өсіру кезінде пайдаланылған бастапқы тұқымдардың ерекшеліктеріне, асыл тұқымдық жұмыс әдістеріне, жүнді, түбітті және сүтті өнімділігінің айқындылық дәрежесіне және сипатына қарай Қазақстан Республикасында өсірілетін ешкілер үш негізгі бағыт бойынша: жүнді, түбітті және сүтті болып бөлінеді. Мұндай бөлінудің негізіне жеке селекцияланатын белгілердің даму дәрежесі мен маңыздылығы жатқызылады.
Жүн бағытындағы ешкілер – советтік жүн тұқымы және оның будандары;
Түбіт бағытындағы ешкілер – таулыалтай тұқымы, орынбор тұқымы және олардың будандары;
Сүт бағытындағы ешкілер – заанен тұқымы, ағылшын-нубия тұқымы және олардың будандары.
4. Ешкілердің тұқымдылығы тұқымның шығу тегі мен айқындылық типін растайтын құжаттардың бар-жоғына тексеріп-қарау және салыстыру арқылы анықталады.
Тұқымды ешкілер таза тұқымды және будандастырылған болып бөлінеді.
Таза тұқымдыға белгілі бір тұқымға тән қасиеттері бар және шығу тегі мынадай талаптардың бірін қанағаттандыратын жануарлар жатады:
1) бір тұқымның таза тұқымды ата-енелерін шағылыстыру;
2) екі тұқымның біреуі бойынша қан құрамы кемінде 75 пайыз болған жағдайда тұқымдар генотипі бойынша жақын, туыс екі жануарды шағылыстыру;
3) бір тұқымның қан үлесі кемінде 93,75 пайыз болған кезде туыс емес тұқымдарды будандастыру;
4) екі және одан көп туыс емес тұқымдардың қатысуымен жаңа тұқым жасау нәтижесінде алынған жануар.
5. Осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілмеген ешкілер будандарға жатады.
3-тарау. Ешкілерді бонитирлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
Полная версия
ИС BestProfi