Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
 2014 жылғы 10 қазандағы
 № 3-3/517 бұйрығына
 8-қосымша
8-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2016 жылғы № 239 Бұйрығына сәйкес (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
8-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.07.2023 жылғы № 277 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 14.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Шошқаларды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Шошқалардың асыл тұқымды құндылығын бонитирлеу және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және шошқаларға бонитирлеу жүргізуді нақтылайды.
2. Шошқаларды бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.
2-тарау. Шошқаларды бонитирлеуді ұйымдастыру және жүргізу
3. Шошқаларды бонитерлеу жыл сайын жүргізіледі. Жануарлардың сырт бітімі, өсуі және өнімділігін бағалау туралы деректер жыл бойы жинақталады.
4. Қабандардың, аналық шошқалардың және мал басын толықтыратын төлдердің дене бітімін бағалау шілде-қазан айларында жүргізіледі.
5. Бонитерлеу нәтижелері бойынша 1 қаңтардағы жай-күй бойынша есеп жасалады.
6. Шоқалар тұқымдары бағыттар және өнімділік деңгейі бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
бірінші – ірі ақ, украиндық далалық ақ, ұзынқұлақты ақ, латвиялық ақ, литвалық ақ, сібірлік солтүстік, ливендік, кемеровтық, солтүстік-қавказдық, муромдық, брейтовтық, қысқа құлақты ақ тұқымды және цивилдік, сібірлік қара-ала, белорустық қара-ала тұқымды шошқалар топтары;
екінші – ландрас, эстондық бекондық, дюрок, үржүмдік, уэль шошқасы;
үшінші – миргородтық, украиндық далалық ала, ірі қара, беркшир, семиречен, ақсайлық қара-ала шошқалар тобы.
7. 85 (сексен бес) килограмнан (бұдан әрі – кг) 110 (жүз он) кг-ға дейінгі салмаққа жеткен кезде, барлық мал басын толықтыратын төлдер осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес шошқаның мал басын толықтыратын төлін қыртыс майының қалыңдығы (сантиметр) бойынша тірі кезінде бағалау үшін шәкіл бойынша алтыншы-жетінші кеуде омыртқалары деңгейінде арқасынан өлшенген қыртыс майының қалыңдығы бойынша тірі кезінде бағаланады.
8. Қабандар мен аналық шошқалардың жетілуін денесінің салмағы мен ұзындығы бойынша зауыттық қоңдылығы жағдайында бағалайды.
Жануарларды 1(бір) кг дейінгі дәлдікпен азықтандыру алдында өлшейді.
Дененің ұзындығын желке жалынан бастап құйрықтың түбіне дейін 1 (бір) сантиметрге (бұдан әрі – см) дейінгі дәлдікпен өлшеуіш таспамен өлшейді. Бастың төменгі жағын өлшеген кезде, мойын және кеуде бір деңгейде болуы керек.
9. Қабандарды 12 (он екі) айлық жастан бастап жыл сайын туылған күнінде салмағын және бойын өлшейді.
Әрбір қабан бойынша жиынтық бонитирлеу ведомосін жасау кезінде салмағы және бойы бойынша соңғы өлшенген деректерді өңдеуге енгізеді.
Полная версия
ИС BestProfi