Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
 2014 жылғы 10 қазандағы
 № 3-3/517 бұйрығына
 12-қосымша
12-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2016 жылғы № 239 Бұйрығына сәйкес (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
12-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.07.2023 жылғы № 277 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 14.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Тұйеқұстарды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық  
1. Осы Түйеқұстарды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және түйеқұстарға бонитирлеу жүргізуді нақтылайды.
2. Түйеқұстарды бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.
2-тарау. Тұйеқұстарды бонитирлеуді ұйымдастыру және жүргізу
бiр жасқа дейiнгi балапандарды енелерінің өнiмдiлiк көрсеткiштерi (жұмыртқалағыштық, балапандарды басып шығару) және 2 айлық жасына дейiн сақталуы бойынша;
өсімін молайтатын балапандарды 1 жылдан 5 жасқа дейiн – енелерінің өнiмдiлiк көрсеткiштерi (жұмыртқалағыштық, балапандарды басып шығару) және өзiнiң өнiмдiлiгi (тiрiдей салмағы және 2 айлық жасына дейiн сақталуы) бойынша;
ересек, бес жастан асқан түйеқұстарды – жұмыртқалағыштығы және жұмыртқалаудың тиісті циклында балапандарды басып шығару, екі ай жасына дейiн жас балапандардың сақталуы және бір жастағы ұрпақтарының тірідей салмағы бойынша бонитирлейді.
4. Түйеқұстарды бонитирлеу кезінде өнімділік сапасына қойылатын ең аз талаптар осы Нұсқаулыққа қосымшада көрсетілген.
Тұйеқұстарды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
қосымша
Түйеқұстарды бонитирлеу кезінде өнімділік сапасына қойылатын ең аз талаптар

Көрсеткiштердiң атауы

Көрсеткiштер

Мекиеннiң бір жылда жұмыртқалағыштығы, дана

40

Жұмыртқаның ұрықтануы, пайыз (бұдан әрі – %)

75

Балапандарды басып шығару, %

60-70

Балапандардың 8-апта жасына дейiн тiрi сақталуы, %

90

Жас балапандардың 12-ай жасындағы тiрiдей салмағы, килограмм

90

Селекциялық ұяның саны (1 еркегi: 3-5 ұрғашысы), дана

10

Полная версия
ИС BestProfi