Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.05.2025
Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 494 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 21 қарашада № 9892 тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 179 Бұйрығына сәйкес
Редакция 01.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 26-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 05.03.2022 жылғы № 249 Бұйрығына сәйкес (14.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау қағидалары бекiтiлсiн.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 17.07.2024 жылғы № 456 Бұйрығына сәйкес (10.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау және Қаржы министрлерінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
3-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 17.07.2024 жылғы № 456 Бұйрығымен (10.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 14 қарашадағы
№ 494 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 24.02.2015 жылғы № 114 Бұйрығымен (14.11.2014 ж. редакцияны қараңыз)(мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 26.02.2015 жылы тіркелді
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы мнистрiнiң 17.11.2015 жылғы № 565 Бұйрығымен (24.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 10.12.2015 жылы тіркелді
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 01.08.2017 жылғы № 469 Бұйрығымен (17.11.2015 ж. редакцияны қараңыз)(мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 07.09.2017 жылы тіркелді
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 05.03.2022 жылғы № 249 Бұйрығымен (14.11.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 10.07.2023 жылғы № 752 Бұйрығымен (05.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 17.07.2024 жылғы № 456 Бұйрығына сәйкес (10.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 26-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасы (бұдан әрi – Бюджеттiк сыныптама) сыныптама объектiлерiне топтамалық кодтар бере отырып, функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет түсімдерін және шығыстарын топтастыру болып табылады және бюджеттiк сыныптама Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнiң, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың шешімдері негiзiнде жасалады.
Бюджет кодексінің 27-бабына сәйкес Бюджеттiк сыныптама мыналарды:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын;
бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын қамтиды.
Полная версия
ИС BestProfi