Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларының 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
"А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 30 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 23 желтоқсанда № 9993 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 29.12.2015 жылғы № 10 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Агенттік Төрағасының орынбасары Ахметжанов С.Қ. осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және кейіннен оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Төраға Қ. Қожамжаров
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 30 бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН
«А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметін жыл сайынғы бағалау тәртібін айқындайды.
2. Қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.
3. Бағалау «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап үш айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.
4. Бағалау «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындау және одан босату құқығы бар тұлғалармен (органдармен) (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) жүргізіледі. Олардың өкілеттік беруі бойынша бағалауды өзге лауазымды тұлға жүргізуі мүмкін.
5. Орталық атқарушы органның жауапты хатшысын бағалауды Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі жүргізеді.
6. Бағалау мынадай кезекті кезеңдерден тұрады:
1) әңгімелесуде бағалау жүргізуге материалдарды дайындау;
2) жыл өтуі бойынша әңгімелесу.
7. Бағалау құралады:
1) уәкілетті тұлғаның қызметшімен «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымына қызметшінің тағайындалған сәттен бастап бір ай ішінде осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған жыл сайынғы келісімнің басымдықтарын орындауын бағалаудан. Сонымен бірге, келісім жыл сайын алдыңғы келісім жасалғаннан кейін бір жыл өткеннен кейін бір ай ішінде қайта жасалады.
2) кәсіби деңгейі мен тұлғалық қасиеттерін бағалаудан.
Полная версия