Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.05.2018
Ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық қызметі органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1393 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылдың 5 мамырынан бастап ҚР Үкіметінің 20.04.2018 жылғы № 208 Қаулысына сәйкес
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексі (Салық кодексі) 644-бабының 14-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық қызметі органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін заңды тұлға болып айқындалсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия
ИС BestProfi