Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Сот сараптамасының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1403 қаулысы
Редакция 17.02.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта аталсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып;
2) арнаулы ғылыми білім құралдарымен қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамалар мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің негізгі нысаны болып белгіленсін.
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.09.2015 жылғы № 766 Қаулысына сәйкес (28.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2015 жылдан бастап) 2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.06.2016 жылғы № 378 Қаулысына сәйкес (10.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2016 жылдан бастап)
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;
2) әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі сот-медициналық сараптама жүргізу бойынша штат санын және материалдық-техникалық базаны заңнамада белгіленген тәртіппен беруді, ал Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі - қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
6. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1403 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 17-жолмен толықтырылсын:
«17. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны».
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 683 Қаулысымен (30.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.02.2017 жылғы № 71 Қаулысымен (28.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия