Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.11.2023
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ұлттық ғылыми кеңестер туралы" 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 және "Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы" 2011 жылғы 12 шілдедегі № 785 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1391 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 11 қарашадан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.10.2023 жылғы № 950 Қаулысына сәйкес 
Редакция 08.09.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 468-құжат):
«1. Осы қаулыға тізбеге сәйкес ұлттық ғылыми кеңестер құрылсын;
2. Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Кеңестердің құрамдарын ғылым саласындағы уәкілетті орган салалық уәкілетті органдардың, ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындары мен ғылыми-қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары мен ұсынымдары бойынша қазақстандық және шетелдік құзыретті ғалымдардың, мемлекеттік органдардың (ғылым саласындағы уәкілетті орган өкілдерін қоспағанда), ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері қатарынан қалыптастырады және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Кедестер құрамының елу пайыздан аспайтын бөлігі ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялар мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерінен қалыптасады.»;
2) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.08.2023 жылғы № 716 Қаулысына сәйкес (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1391 қаулысына
қосымша
Осы Қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.08.2023 жылғы № 716 Қаулысына сәйкес (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi