Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 9 желтоқсанда № 9946 тіркелді
Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.12.2017 жылғы № 395 Бұйрығына сәйкес (15.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.09.2020 жылғы № 72 Бұйрығына сәйкес (27.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 05.08.2024 жылғы № 63 Бұйрығына сәйкес (12.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 2-тармағының 3-1) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.05.2020 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (07.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.06.2023 жылғы № 105 Бұйрығына сәйкес (30.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.06.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.12.2017 жылғы № 395 Бұйрығына сәйкес (15.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.09.2020 жылғы № 72 Бұйрығына сәйкес (27.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1. Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшері:
Осы Бұйрық 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 05.08.2024 жылғы № 63 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 23.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 05.08.2024 жылғы № 63 Бұйрығына сәйкес (12.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2015 жылғы № 637 Бұйрығымен (06.11.2014 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.12.2017 жылғы № 395 Бұйрығымен (15.09.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.05.2020 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (07.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.09.2020 жылғы № 72 Бұйрығына сәйкес (27.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» (бұдан әрі – Заң), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі – Мемқызметтер туралы заң) заңдарына және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзiрленді және, ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша бюджет қаражаты есебінен көтерме жәрдемақы беру және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру тәртiбiн айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.09.2020 жылғы № 72 Бұйрығына сәйкес (27.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.06.2023 жылғы № 105 Бұйрығына сәйкес (30.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.06.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Көрсетілетін қызметті алушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады және оны аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органдары көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.09.2020 жылғы № 72 Бұйрығына сәйкес (27.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.06.2023 жылғы № 105 Бұйрығына сәйкес (30.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.06.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)