Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы жетістіктері үшін Мемлекеттік сыйлық беру жүйесін жетілдіру мақсатында қаулы етемін:
Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылы 21 қаңтардағы № 993 жарлығы
Осы Жарлыққа түсініктемені қараңыз Осы Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 24.03.2020 жылғы № 292 Жарлығына сәйкес (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз) Осы Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 11.08.2022 жылғы № 977 Жарлығына сәйкес (01.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 06.05.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлығы және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы тағайындалсын.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 24.03.2020 жылғы № 292 Жарлығына сәйкес (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 11.08.2022 жылғы № 977 Жарлығына сәйкес (01.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
2. Мыналар:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 24.03.2020 жылғы № 292 Жарлығына сәйкес (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз) 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 11.08.2022 жылғы № 977 Жарлығына сәйкес (01.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1) осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы ереже;
2) осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссия туралы ереже;
3) осы Жарлыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже;
4) осы Жарлыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияның құрамы;
5) осы Жарлыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы;
6) осы Жарлыққа 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен төсбелгісінің сипаттамасы бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
4. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына 1-ҚОСЫМША
Оң жақ жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 11.08.2022 жылғы № 977 Жарлығына сәйкес (01.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы ЕРЕЖЕ
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 30.10.2018 жылғы № 782 Жарлығымен (13.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 28.11.2018 жылғы № 793 Жарлығымен Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 24.03.2020 жылғы № 292 Жарлығымен (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз) Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 04.12.2020 жылғы № 462 Жарлығымен (17.11.2020 ж. редакцияны қараңыз) Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 01.07.2022 жылғы № 952 Жарлығымен (22.06.2022 ж. редакцияны қараңыз) Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 11.08.2022 жылғы № 977 Жарлығына сәйкес (01.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы (бұдан әрі – Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық), Қазақстан Республикасының А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлығы (бұдан әрі – А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлық) және Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы (бұдан әрі – Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық) ғылым, техника, әдебиет және өнер қайраткерлерінің еңбегін қоғам мен мемлекет алдында жоғары тану болып табылады.
2. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтар Қазақстан Республикасының азаматтарына:
Полная версия