Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.03.2018
Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салынған мүлкін, сонымен қатар салық төлеушінің (салық агентінің) төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін және (немесе) мемлекеттік кірістер органдары ұстаған тауарларды өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлғаны айқындау туралы
 Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 585 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 қаңтарда № 10152 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 02.02.2017 жылғы № 75 Бұйрығына сәйкес (29.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 23 наурызынан бастап ҚР Қаржы министрінің 13.02.2018 ж. № 172 Бұйрығына сәйкес
Редакция 02.02.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 12-бабы 1-тармағының 41-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 4-бабы 1-тармағының 50-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 29.12.2016 жылғы № 700 Бұйрығына сәйкес (25.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2017 жылы "ҚРНҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамы салық берешегі есебіне салық төлеушінің (салық агентінің), кеден төлемдері мен салықтар және (немесе) бойынша берешек есебіне салық төлеушінің және  (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салынған мүлкін, сонымен қатар төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін және (немесе) мемлекеттік кірістер органдары ұстаған тауарларды өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлға етіп  айқындалсын.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 02.02.2017 жылғы № 75 Бұйрығына сәйкес (29.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Полная версия
ИС BestProfi