«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабы 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидасын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидасын бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К.Сейдахметов):
1) заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркелгендігі туралы және бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жолдағаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2015 жылғы «____» ___________ №______ бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағида
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағида (бұдан әрі — Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 24) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Осы Қағида азаматтық авиацияда ұшу жұмысын ұйымдастыру тәртібін анықтайды және әуеде тасымалдауды және авиациялық жұмыстарды, жалпы мақсаттағы авиация мақсатында сертификатталған ұшып көтерілу массасы 5700 килограмм және одан да астам әуе кемелерімен және ұшып көтерілу массасынан тәуелсіз газтурбиналық қозғалтқыштары бар әуе кемелерімен ұшуды жүзеге асыратын азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылар үшін міндетті болып табылады.
3. Ұшу жұмысын ұйымдастыру мыналардан тұрады:
1) ұшу жұмысын жоспарлау;
Полная версия

