Близость слов: Окончание:





Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 қаңтарда № 10056 тіркелді
Осы Бұйрыққа өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2024 жылғы № 743 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 21.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 10-бабының 24-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидалары бекітілсін.
2. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың полиция департаменттерінің (бұдан әрі - ПД), Қазақстан Республикасы ІІМ-нің (бұдан әрі - ІІМ) Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 20.06.2018 жылғы № 459 Бұйрығына сәйкес (20.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 жылғы № 863 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 21.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрлігінде 10.02.2020 жылғы № 20004 болып тіркелді (07.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрықты ішкі істер органдары жеке құрамының зерделеуін, сондай-ақ Қағидаларда көзделген қызметтік құжаттаманы дайындауды қамтамасыз етсін;
2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.
3. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.
6. Осы бұйрық 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидаларының 17-тармағының 14), 15) және 16) тармақшаларын қоспағанда, алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы 
Сыртқы істер Министрінің м.а. 
 ____________ Р. Жошыбаев 
2014 жыл «__» _________
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 862 бұйрығына 4-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандарға адамдарды жіберу, оларды тапсыру және куәліктер беру туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 бұйрығы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6103 болып тіркелген және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2010 жыл, № 4, 372-құжат.
2. «Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесін және Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандарға адамдарды жіберу және куәліктер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 394 бұйрығы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7138 болып тіркелген және «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 138-142 (27215) санында жарияланған.
3. «Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесін және Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандарға адамдарды жіберу және куәліктер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 371 бұйрығы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8511 болып тіркелген және «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 19 қазандағы № 235 (28174) санында жарияланған.
4. «Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесін және Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандарға адамдарды жіберу және куәліктер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 бұйрығының 1-тармағы 1) тармақшасының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 581 бұйрығы және «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 237 (28176) санында жарияланған.
5. «Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесін және Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандарға адамдарды жіберу және куәліктер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 11 бұйрығы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9164 болып тіркелген және «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 7 маусымдағы № 111 (28335) санында жарияланған.
6. «Сенімхат негізінде көлік құралдарын пайдаланатын адамдарды тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 23 тамыздағы № 504 бұйрығы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3840 болып тіркелген және «Юридическая газета» газетінің 2006 жылғы 14 қаңтардағы № 3 (264) санында жарияланған.
Полная версия
ИС BestProfi