«Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 16-1 бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасына еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталарды сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 30 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 ақпанда № 10181 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 26.09.2017 жылғы № 346 Бұйрығына сәйкес (15.09.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Редакция 28.09.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасына еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталарды сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 26.09.2017 жылғы № 346 Бұйрығына сәйкес (15.09.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2.Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1)осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2)осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және баспа басылымдарында ресми жариялануын;
3)осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Сауда қызметін реттеу департаменті:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2015 жылғы № 637 Бұйрығына сәйкес (20.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) тарифтік квота көлемін тарихи өнім берушілер арасында бөлуді осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асыруды;
2) еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квота көлемдері (бекітілген, қолданылған, бөлінбей қалғандары) туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды, тиісті ақпаратты орналастыруды және осы Қағидаларда көрсетілген басқа рәсімдерді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі жүктелсін.
5.Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Досаев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі ___________ А. Мамытбеков 2015 жылғы 22 қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ___________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы 20 қаңтар
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 30 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасына еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталарды сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2015 жылғы № 637 Бұйрығымен (20.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 26.09.2017 жылғы № 346 Бұйрығына сәйкес (15.09.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасына еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталарды сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Сауда қызметі туралы заң), 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және «1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» 2015 жылғы 12 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрленген және тарифтiк квоталарын сыртқы сауда қызметiн реттеу құралы ретiнде бөлу тәртiбiн айқындайды.
Полная версия

