Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызмет түрлерi бойынша өздерi өндiретiн тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № 703 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 78 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 04.12.2018 жылғы № 802 Қаулысына сәйкес
1. «Арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызмет түрлерi бойынша өздерi өндiретiн тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 13 мамырдағы № 703 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 24-25, 219-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетiн қызмет түрлерi бойынша өздерi өндiретiн тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) тiзбесi мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
52 |
|
| Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі | |||
| 52.1 |
| Сақтау және жиып қою бойынша көрсетілетін қызметтер | |||
|
| 52.10 | Сақтау және жиып қою бойынша көрсетілетін қызметтер | |||
|
| 52.10.1 | Сақтау және жиып қою бойынша көрсетілетін қызметтер | |||
|
| 52.10.11 | Тоңазытылған жүктерді сақтау бойынша көрсетілетін қызметтер | |||
|
| 52.10.12 | Сұйық немесе газ тәрізді жүктерді сақтау бойынша көрсетілетін қызметтер | |||
|
| 52.10.13 | Астық сақтау бойынша көрсетілетін қызметтер | |||
|
| 52.10.19 | Сақтау және жиып қою бойынша өзге де көрсетілетін қызметтер | |||
| 52.2 |
| Қосалқы көліктік көрсетілетін қызметтер | |||
|
| 52.21 | Құрлық көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтер | |||
|
| 52.21.1 | Теміржол көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтер | |||
|
| 52.21.11 | Теміржол көлігінің маневрлеу және буксирлеу бойынша көрсетілетін қызметтер | |||
|
| 52.21.2 | Автомобиль көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтер | |||
|
| 52.21.22 | Автомагистральдарды пайдалану бойынша көрсетілетін қызметтер | |||
|
| 52.21.23 | Көпірлер мен тоннельдерді пайдалану бойынша көрсетілетін қызметтер | |||
|
| 52.21.3 | Құбырлармен тасымалдау саласындағы көрсетілетін қызметтер | |||
|
| 52.21.30 | Құбырлармен тасымалдау бойынша қосалқы көрсетілетін қызметтер | |||
|
| 52.23 | Әуе көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтер | |||
|
| 52.23.1 | Әуежайлардың көрсетілетін қызметтері, жүктерді өңдеуден басқа; әуе қозғалысын басқару бойынша көрсетілетін қызметтер және әуе көлігіне арналған өзге де қосалқы көрсетілетін қызметтер | |||
|
| 52.23.12 | Әуе қозғалысын басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтер | |||
|
| 52.24 | Жүктерді өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер | |||
|
| 52.24.1 | Жүктерді өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер | |||
|
| 52.24.11 | Порттарда контейнерлерді өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер | |||
|
| 52.24.12 | Контейнерлерді өңдеу бойынша өзге де көрсетілетін қызметтер | |||
|
| 52.24.13 | Порттарда жүктерді өңдеу бойынша өзге де көрсетілетін қызметтер | |||
|
| 52.24.19 | Жүктерді өңдеу бойынша өзге де көрсетілетін қызметтер |
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов