Близость слов: Окончание:





«Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу  және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Ауыл шаруашылығы жануарларын  бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу  және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367  бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
«Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6321 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 31 желтоқсан № 556-559 (26402) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидада келесі ұғымдар қолданылады:
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор – диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көпдеңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алудың бір бөлігі;
2) топтастыру - ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi мағлұматтарды жинақтау, бiрiктiру және орталықтандырылған сақтау;
3) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ветеринария саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның ведомствасы (бұдан әрi - уәкілетті органның ведомствасы) – мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның комитеті;
5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме – жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы мамандары ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан жануарлар иелерінің талап етуі бойынша алатын, диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралардың мерзімдері мен сипаты туралы мәліметтер.
3. Деректер базасынның өзектілігі ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша порталдық шешім көмегімен жүзеге асырылады.»;
13, 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы ведомосттың негізінде, осы Қағиданың 10-тармағында көрсетілген мағлұматтарды енгізеді.
14. Ауыл шараушылығы жануарларын бірдейлендіру туралы деректерді интернет-байланыс болмаған немесе жіберуге кедергі болатын басқа жайлар болған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы енгізілген деректерді қолда бар алмалы-салмалы ақпаратты тасымалдаушыға экспорттайды (түсіреді) және мәліметті байланыс арнасы бар жерлерден порталдық шешімге импортталуын (жіберілуін) қамтамасыз етеді.
15. Мал иесінің талабы бойынша еркін түрдегі жазбаша өтініші тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде тиісті аумақтық-әкімшілік бірлікте жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан бір көшірмеде шығарылатын, ұйымның мөрімен, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманының лауазымының атауы көрсетіліп, қолымен расталатын үзінді көшірме шығарып береді.»;
көрсетілген бұйрықтың қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығының жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 ««Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы «____» ___________ № ____________ бұйрығына анықтама-негіздеме
 

р / с



Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесi

М емлекеттік органның ақпараты

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

Осы жоба «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының

2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 8-бабының 39)-тармақшасына сәйкес әзірленді

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

Осы бұйрық ««Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында дайындалған және ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру тәртібін белгілейді.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актіні және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

  1. «Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығы.

  1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 "Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ережесiн бекіту туралы" бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 2 наурыздағы № 18-02/85 бұйрығы.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің реквизиттерін көрсете отырып заң сараптамасын өткізбей кері қайтарылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме

Қарастырмайды

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Қажет етпейді

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

ҚР АШМ www.minagri.gov.kz интернет ресурсында орналасқан

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Жоқ

 



Құқықтық қамтамасыз ету

департаменті директоры







Ә. Жеңісов

«Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрық жобасына жобасына салыстырмалы кесте
 

р/с

Құрылымдық элемент тің атауы

Қолданыстағы редакция сы

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығымен бекітілген

1.

2-тармақтың 1) тармақшасы

1) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасы – ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органдардың бөлiмшелерi жүзеге асыратын және уәкiлеттi орган пайдаланатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерiн қоса алғанда, жануарлардың жеке нөмiрi туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректердi, сондай-ақ жануардың иесi туралы деректердi тiркеудiң бiрiңғай, көп деңгейлi жүйесiн көздейтiн ветеринариялық есептiң бөлiгi;

1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор – диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көпдеңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алудың бір бөлігі;

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1 бабының 3) тармақшасымен сәйкестендіру

2.

2-тармақтың 3) тармақшасы

3) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) –

ветеринария саласында басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ өз өкілеттігі

шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

3) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ветеринария саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1 бабының 21) тармақшасымен сәйкестендіру

3.

2-тармақтың 4) тармақшасы

4) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ведомствасы (бұдан әрi -

уәкілетті органның ведомствасы) – мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және

қадағалауды жүзеге асыратын ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның комитеті;

4) ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның ведомствасы (бұдан әрi –

уәкілетті органның ведомствасы) – мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және

қадағалауды жүзеге асыратын ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның комитеті;

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1 бабының 21) тармақшасымен сәйкестендіру

4.

2-тармақтың 4-1) тармақшасы

4-1) ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме – мал

иелерінің талап етуі бойынша тиісті аумақтық-әкімшілік бірлікте ветеринария саласындағы қызметті

жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері ауыл шаруашылығы

жануарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан алатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса

алғанда, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралардың мерзімдері мен сипаты туралы мәліметтер;

4-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме – жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы мамандары ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан жануарлар иелерінің талап етуі бойынша алатын, диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралардың мерзімдері мен сипаты туралы мәліметтер;

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1 бабының 3-3) тармақшасымен сәйкестендіру

5.

2-тармақтың 5) тармақшасы

5) ветеринариялық бөлiмше – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың,

ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық

(селолық) округтiң ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы

органдарының бөлiмшелерi.

Алынып тасталсын



6.

3-тармақ

3. Деректер базасынның жұмыс істеуі «Е-Agriculture» Агроөнеркәсіп кешеніннің салаларының

біріңғай автоматтандырылған басқару жүйесі аясында жүзеге асырылады.

3. Деректер базасынның өзектілігі ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша порталдық шешім көмегімен жүзеге асырылады



2014 жылғы 9 шілдедегі Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ақпараттық жүйесінің порталдық нұсқасын техникалық сүйемелдеуін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша жиналыстың хаттамасына сәйкес

7.

11-тармақ

11. Ветеринариялық бөлімшелердің ветеринариялық дәрігерлері деректер базасы жаңартылған

жағдайда тиісті әкімшілік-аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына

хабарлайды.

Алынып тасталсын



8.

12-тармақ

12. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің ветеринариялық

бөлімшесінің ветеринариялық дәрігерлері ведомосттың негізінде, осы Қағиданың 10-тармағында

көрсетілген мағлұматтарды деректер базасына енгізеді және ауыл шараушылығы жануарларын

бірдейлендіру туралы деректерді интернет-байланыс арқылы күнделікті ауданның (облыстық маңызы

бар қаланың) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардының

бөлімшесіне жіберілуін жүзеге асырады.

Алынып тасталсын



9

13-тармақ

13. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ветеринариялық бөлімшесінің ветеринариялық

дәрігерлері ведомосттың негізінде, осы Қағиданың 10-тармағында көрсетілген мағлұматтарды

енгізеді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру туралы деректерді интернет-байланыс

арқылы күнделікті уәкілетті органға жіберілуін жүзеге асырады.

13. Ж ергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы ведомосттың негізінде, осы Қағиданың 10-тармағында көрсетілген мағлұматтарды енгізеді.



10

14-тармақ

14. Ауыл шараушылығы жануарларын бірдейлендіру туралы деректерді интернет-байланыс

болмаған немесе жіберуге кедергі болатын басқа жайлар болған жағдайда, ветеринариялық бөлімшенің

ветеринариялық дәрігері енгізілген деректерді қолда бар алмалы-салмалы ақпаратты тасымалдаушыға

түсіреді және мәліметті жоғары тұрған органға жіберілуін қамтамасыз етеді.

14. Ауыл шараушылығы жануарларын бірдейлендіру туралы деректерді интернет-байланыс болмаған немесе жіберуге кедергі болатын басқа жайлар болған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы енгізілген деректерді қолда бар алмалы-салмалы ақпаратты тасымалдаушыға экспорттайды (түсіреді) және мәліметті байланыс арнасы бар жерлерден порталдық шешімге импортталуын (жіберілуін) қамтамасыз етеді.



11

15-тармақ

15. Мал иесінің талабы бойынша еркін түрдегі жазбаша өтініші тіркелген күннен бастап бір

жұмыс күні ішінде тиісті аумақтық-әкімшілік бірлікте ветеринария саласындағы қызметті жүзеге

асыратын жергілікті атқарушы орган бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері ауыл шаруашылығы

жануарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме шығарып береді. Дерекқордан алатын

аталған үзінді көшірме бір данада басылып шығарылады.

Ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірменің формасы,

осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес ұйымның мөрімен, ветеринариялық дәрігердің лауазымының атауы

көрсетіліп, қолымен расталады.

15. Мал иесінің талабы бойынша еркін түрдегі жазбаша өтініші тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде тиісті аумақтық-әкімшілік бірлікте жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан бір көшірмеде шығарылатын, ұйымның мөрімен, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманының лауазымының атауы көрсетіліп, қолымен расталатын үзінді көшірме шығарып береді.



Полная версия
ИС BestProfi