«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-20, 276-22 және 292-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 16.03.2018
Мемлекеттік кірістер органдарының Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын және импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 27 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 ақпанда № 10311 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 16 наурызынан бастап ҚР Қаржы министрінің 06.02.2018 ж. № 134 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органдарының Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын және импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпарататтық-құқықтық жүйесінде жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 15 қаңтар № 27 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік кірістер органдарының Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын және импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын және импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-20, 276-22 және 292-баптарына сәйкес әзірленді және уәкілетті органмен бекітілген тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы салық төлеушінің өтініші бойынша (бұдан әрі – Өтініш) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын және импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу фактісін (бұдан әрі – жанама салықтар) мемлекеттік кірістер органдарының растау тәртібін айқындайды.
2. Өтініш беру «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндеттер төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-20-бабы 3-1-тармақтарына сәйкес қағаз тасығышта (төрт данада) және электронды цифрлық қолымен расталған электронды түрде немесе Салық кодексінің 276-20-бабы 3-2-тармақтарына сәйкес электронды цифрлық қолымен расталған электронды түрде жүргізіледі.
2. Қағаз тасығышта (төрт данада) және электрондық түрде ұсынылған Өтініштер бойынша жанама салықтардың төленген фактісін растау немесе осындай растаудан дәлелді бас тарту тәртібі
3. Жанама салықтардың төленген фактісін қағаз тасығышта (төрт данада) және электронды түрде электронды цифрлық қолымен расталып ұсынылған Өтініштер бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының растауы Салық кодексінің 276-20-бабы 3-тармағымен көзделген құжаттар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 7-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Өтініштің төрт данасында тиісті белгілерді қою жолымен жүргізіледі.
Салық төлеуші Салық кодексінің 276-22-бабы 2-тармағына сәйкес Өтінішті кері қайтарып алған жағдайда, жаңа Өтінішті қағаз тасығышта (төрт данада) және электронды цифрлық қолымен расталған электрондық түрде, Салық кодексінің 276-20-бабы 3-тармағында көзделген құжаттардың қосымшаларымен Салық кодексінің 276-20-бабы 9-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынуға міндетті.
4. Жанама салықтардың төленген фактісі туралы белгі Өтініштің екінші бөліміне қойылады және расталады:
белгі қойған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), белгі қойылған күн көрсетіле отырып, оның қолымен;
мемлекеттік кірістер органы басшысының (басшы орынбасарының) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қол қойылған күні көрсетіле отырып, оның қолымен;
Полная версия