Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандарын, лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 ақпанда № 10195 тіркелді
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.03.2022 жылғы № 19 Бұйрығына сәйкес (30.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандары, лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың нысандары:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 жылғы № 478 Бұйрығына сәйкес (06.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.02.2018 жылғы № 83 Бұйрығына сәйкес (22.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.01.2020 жылғы № 6 Бұйрығына сәйкес (27.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 18.02.2020 жылдан бастап)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.04.2023 жылғы № 51 Бұйрығына сәйкес (10.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлға өтiнiшінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 2-1-қосымшаға сәйкес білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлға өтінішінің нысаны;