Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 44 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 ақпанда № 10323 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.07.2020 жылғы № 50 Бұйрығына сәйкес (27.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 91) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 16.06.2023 жылғы № 329 бұйрығына сәйкес (01.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтері бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.07.2020 жылғы № 50 Бұйрығына сәйкес (27.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялауына жіберуін;
3. «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 278 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9542 тіркелген, 2014 жылғы 4 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтері
Осы Нормативтердің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.07.2020 жылғы № 50 Бұйрығына сәйкес (27.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 27.02.2018 жылғы № 31/НҚ Бұйрығына сәйкес (10.08.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 91) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын күтіп-ұстау және сақтау шарттары жөніндегі техникалық талаптарды көздейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.07.2020 жылғы № 50 Бұйрығына сәйкес (27.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 16.06.2023 жылғы № 329 Бұйрығына сәйкес (01.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 27.02.2018 жылғы № 31/НҚ Бұйрығына сәйкес (10.08.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Ұн тарту мен жарма өнімдерін сақтау экологиялық, құрылыс, өрт қауіпсіздігі және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға жауап беретін қойма үй-жайларында, тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және оның жолай ластану мүмкіндігін болдырмайтын жағдайларда жүзеге асырылады.
Қаптарды «үшбұрыштап» немесе «бесбұрыштап» тігісін ішіне қаратып қатар қояды.Жақсартылған желдетуді талап ететін ұн мен жарманы «төртбұрыштап» жатқызып қойған жөн. Бұл жағдайда бірінші қатардағы екі қапты қырынан шағын саңылаулармен бір-біріне қатарлас қояды; сол тәртіппен екінші қос қаптарды біріншінің үстіне салады, ал үшіншісін екіншісіне және тағы сол сияқты.