Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.09.2018
Мемлекеттік техникалық инспекторлар актілерінің нысандарын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпанда № 56 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10457 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 16 қыркүйектен бастап ҚР Энергетика министрінің 27.08.2018 жылғы № 337 Бұйрығына сәйкес
Редакция 17.05.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 54) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мемлекеттік техникалық инспекторлар актілерінің нысандары:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2015 жылғы № 676 Бұйрығына сәйкес (21.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тексеруді тағайындау туралы акт;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Тексеру қорытындысы туралы акт;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының талаптарында анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Тексерісті тоқтату, қайта жаңғырту, ұзарту, тексеруге қатысушылардың өзгеруі туралы хабарлама бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. «Мемлекеттік техникалық инспекторлар актілерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 341 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8037 тіркелді, «Егемен Қазақстан» 2012 жылғы 24 қарашадағы № 771-775 (27847) газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. Школьник
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 2 ақпандағы
 № 56 бұйрығына
 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 17.05.2016 жылғы № 209 Бұйрығына сәйкес (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
 Тексеруді тағайындау туралы
 №_______ АКТ
Полная версия
ИС BestProfi