Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 29 қаңтардағы
№ 56 бұйрығына
1-қосымша
2-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (05.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-қосымша күшін жойды 2022 жылғы 28 қантардан бастап ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 06.01.2022 жылғы № 3 Бұйрығына сәйкес
Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) біліктілік сыныптарын белгілеу қағидалары
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (05.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) біліктілік сыныптарын белгілеу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 22-1, 25, 27-баптарында көзделген ережелерді іске асыруға әзірленген және қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) біліктілік сыныптарын белгілеу және төмендету тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (05.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Заңның 22-бабының 8-тармағына құқық қорғау органдарына жүктелген негiзгi мiндеттер мен функцияларды тiкелей орындайтын лауазымды адамдарға біліктілік сыныптарын белгілеуге құқық беретiн лауазымдар тiзбесiн, өздерінің өкiлеттiктерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
3. Орта және аға басшы құрам лауазымдарына тағайындалатын адамдар оларға біліктілік сыныптар берiлгенге немесе қаржы мониторигі органдарының кадрларына қабылданғанға дейiн атқаратын лауазымы бойынша қызметтiк мiндеттерiн атқарады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (05.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Бір құқық қорғау органынан басқасына ауысқан кезде, сондай-ақ бұрын құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген сыныптық шені немесе біліктілік сыныбы бар қызметкерлерге, арнаулы немесе әскери атағы бар әскери қызметшілерге біліктілік сыныптарын теңестіру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: