Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.10.2016
"Нормативтік құқықтық актіге негіздеме-анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 240 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 151 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 наурызда № 10511 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 24 қазаннан бастап ҚР Әділет министрінің 21.10.2016 жылғы № 912 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1401 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және «Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-ө өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Нормативтік құқықтық актіге негіздеме-анықтама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 240 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 4376 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген нормативтік құқықтық актіге анықтама-негіздеме нысанының реттік нөмірі 5 жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларының 16-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді».
2. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті осы бұйрықты аумақтық әділет органдарының, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi