Близость слов: Окончание:





Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 наурызда № 10403 тіркелді
Осы Бұйрыққа өзгерістер енгізу көзделуде ҚР Энергетика министрлігінің 23.11.2015 жылғы № 12-03-719 Бұйрығына сәйкес
Редакция 06.11.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 22.10.2021 жылғы № 325 Бұйрығына сәйкес (06.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясын пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі       В. Школьник
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
2015 жылғы 25 ақпандағы
 № 143 бұйрығымен
 бекітілген
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 22.10.2021 жылғы № 325 Бұйрығына сәйкес (06.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi