«Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабы 1-тармағының сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кемелердегі қызмет жарғысын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 74 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10454 тіркелді
Редакция 13.02.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұйрықтың көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ»: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ____________ Т.Қ. Дүйсенова 2015 жылғы 13 ақпан
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 74 бұйрығымен бекітілген
Кемелердегі қызмет жарғысы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кемелердегі қызмет жарғысы (бұдан әрі - Жарғы) «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабы 1-тармағының 26-24) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ішкі суларында жүзетін кемелердегі қызметті ұйымдастырудың негізгі ережелерін айқындайды.
2. Осы Жарғының талаптары олар кемеде болған кезде де, сол сияқты олардың жағада қызметтік функцияларын орындаған кезінде де кеме экипажы мүшелерімен, сондай-ақ кемеде уақытша болатын және онда қызметтік функциялар мен жұмыстар орындайтын басқа адамдармен сақталынады.
3. Кеме экипажының барлық мүшелері кемеге капитанның жазбаша келісімімен тағайындалады.
4. Экипаж мүшелерінің осы Жарғыға кірмеген лауазымдық функциялары кеме капитанының келісімі бойынша кеме иесінің лауазымдық нұсқаулықтарымен белгіленеді.
Полная версия