Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін медициналық қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Сот сараптамасы орталық зертханасы» мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 800 Қаулысы
Редакция 16.11.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Сот сараптамасы орталық зертханасы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери медицина орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) болып қайта аталсын.
2. Мыналар Мекеме қызметінің негізгі мәні болып айқындалсын:
1) әскери медицина саласындағы бағдарламаларды іске асыру;
2) патологоанатомиялық диагностика, цитологиялық зерттеулер, химия-токсикологиялық зерттеулер жүргізу;
3) талдамалық және диагностикалық жағынан неғұрлым құнды зерттеулердің жаңа әдістерін меңгеру.
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.11.2018 жылғы № 772 Қаулысына сәйкес (04.08.2010 ж. редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия