Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.09.2016
"Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1522 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 211 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.09.2016 жылғы № 546 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1522 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссия туралы ережеде:
4-тармақтың 4) тармақшасындағы «дайындау болып табылады.» деген сөздер «дайындау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) республикалық индустрияландыру картасын өзектілендіру;
6) аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуден өткізу болып табылады.»; 
5-тармақ мынадай мазмұндағы 3), 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) мемлекеттік қолдау шараларын енгізу, алып тастау, ұсыну бойынша, сондай-ақ республикалық индустрияландыру картасының жобалары бойынша негізгі параметрлерді өзгерту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
4) жобаның өтініш берушісімен бірлесіп, келісім жобасын әзірлеу үшін республикалық индустрияландыру картасының жобасын іске асыруға жауапты мемлекеттік органды айқындау бойынша ұсыныстар әзірлейді;
5) аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуді жүргізуге қатысады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия
ИС BestProfi