Близость слов: Окончание:





Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 211 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10479 тіркелді
Редакция 16.09.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 74-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.08.2023 жылғы № 156 Бұйрығына сәйкес (24.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзiмдi баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 17 наурыздағы
№ 211 бұйрығымен
бекітілген
  Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шарты _________________________________
(объектінің атауы)
 _____________қ. №_____ 20___ жылғы «____»____________________
 Бұдан әрі «жалға беруші» деп аталатын _________________________атынан
                 (жалдауға берушінің (жалға берушінің) атауы) 
____________________________________________20 жылғы «____»__________
__________________________________________туралы 20___________жылғы
Полная версия
ИС BestProfi