Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 наурызда № 10531 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.03.2025 жылғы № 141-н/қ Бұйрығына сәйкес (12.12.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.04.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-баптың 1-тармағының 1) тармақшасына, 3-тармақтың 1), 2), 6), 8), 9), 10), 12), 13) тармақшаларына, 19-1-баптың 4, 5, 7-тармақтарына және «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 275) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.06.2023 жылғы № 249 Бұйрығына сәйкес (30.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 12.12.2024 жылғы № 456 Бұйрығына сәйкес (08.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 30.11.2015 жылғы № 676 Бұйрығымен (20.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 14.06.2017 жылғы № 200 Бұйрығымен (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 25.12.2017 жылғы № 471 Бұйрығымен (14.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 06.01.2021 жылғы № 2 Бұйрығымен (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің м.а. 30.04.2021 жылғы № 160 Бұйрығымен (өзгерту 28.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 30.06.2023 жылғы № 249 Бұйрығымен (30.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 08.04.2024 жылғы № 152 Бұйрығымен (30.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 12.12.2024 жылғы № 456 Бұйрығына сәйкес (08.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 275) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясын бірыңғай сатып алушының кезінде электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының басқа елдердің энергия өндіруші ұйымдарынан және электр энергиясын жеткізушілерден (өндірушілерден) электр энергиясын сатып алу, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының көтерме сауда нарығының ішкі субъектілеріне және басқа елдердің тұтынушыларына сату, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатуға арналған болжамды бағаларын айқындау, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының көтерме сауда нарығы тұтынушылары үшін тарифтерді саралау арқылы атаулы қолдауды жүзеге асыру, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының шартты тұтынушылар мен гибридті топ әкімшісінің электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алу бағалары мен көлемдерін есептеу, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған шығындарды бөлу, электр энергиясының шекті тарифтерге сағаттық мөлшерлемелерін, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын бірыңғай сатып алушысына сатып алынған электр энергиясына ақы төлеу тәртібі мен мерзімдерін, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын және энергия өндіруші ұйымдардан сатып алынған электр энергиясына ақы төлеу тәртібі мен мерзімдерін айқындау, цифрлық майнерлер үшін электр энергиясына квотаны айқындау тетігін, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының энергия беруші ұйымдармен электр энергиясын беруге және электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу туралы шарттар жасасу жағдайлары мен тәртібін айқындайды.
1) атаулы қолдау алушылардың тізімі – табиғи монополия саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын тізім, оған электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан тұтынушыларды энергиямен жабдықтау мақсатында ғана электр энергиясын сатып алуға жеке бағалар қолданылатын энергиямен жабдықтаушы ұйымдар болып табылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері енгізіледі;
2) базалық баға – цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асырмайтын және атаулы қолдау алушылардың тізіміне енгізілмеген электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне, сондай-ақ шартты тұтынушылар болып табылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне электр энергиясын бірыңғай сатып алушы электр энергиясын тиісті сағатқа сататын баға ей;
3) гибридті топ - электр энергиясын өндіру кезінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың жиынтық үлесі кемінде жиырма бес пайыз болатын, бір энергия торабында орналасқан және уәкілетті орган бекіткен тәртіппен гибридті топтар тізбесіне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тобы;