Қазақстанның бірыңғай электр энергетикасы жүйесінде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 58 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 наурызда № 10552 тіркелді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 262) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.06.2023 жылғы № 248 Бұйрығына сәйкес (02.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 жылғы № 412 Бұйрығына сәйкес (30.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстанның бiрыңғай электр энергетикасы жүйесiнде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөнiндегi қағидалары бекітілсін.
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.06.2023 жылғы № 248 Бұйрығына сәйкес (02.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстанның біртұтас электр энергетикасы жүйесінде авариялық бұзушылықтардың болғызбау және оларды жою жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 262) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.06.2023 жылғы № 248 Бұйрығына сәйкес (02.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 жылғы № 412 Бұйрығына сәйкес (30.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру кезінде электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну режимдері бойынша жүйелік оператордың өкімдері «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – заң) 11-бабының 1-тармағына сәйкес электр энергиясының көтерме сауда нарығының барлық субъектілерінің орындауы үшін міндетті.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 жылғы № 412 Бұйрығына сәйкес (30.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)