Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлу кестесін бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 наурызда № 10375 тіркелді
Редакция 27.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 58) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 13.08.2024 жылғы № 487/НҚ Бұйрығына сәйкес (12.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлу кестесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов): 
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада бекітілген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін; 
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде көшірмесін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді; 
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Респубикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін. 
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Қорғаныс министрі 
 _______________И. Тасмағамбетов 
2015 жылғы 2 ақпан
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрінің
 міндетін атқарушысының
 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 22
 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлу кестесі
Осы Кесте жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 12.06.2023 жылғы № 180/НҚ Бұйрығына сәйкес (20.01.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Кесте өзгертілді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 13.08.2024 жылғы № 487/НҚ Бұйрығымен (12.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

8,3–110 кГц

Радиобайланыс регламенті (1-аудан)

Қазақстан Республикасында жиілік белдеулерін радиоқызметтер бойынша бөлу

Радиоқызметтің жиілік белдеуі

Радиоқызметтің жиілік белдеуі

Санаты

Ескертпе

8,3-тен төмен

(бөлінбеген)

5.53 5.54

8,3-тен төмен

(бөлінбеген)

5.53 5.54

БР

К1: 9-145 кГц радиожиіліктер жолағы сымды байланыс жолдарының жоғары жиілікті тығыздау аппаратурасында, осы аппаратураға радиоқызметтер тарапынан бөгеттерді болдырмауды қамтамасыз ететін шаралар қолданған жағдайда қолданылады.

К2: 24-1000 кГц жолағында жиіліктер тағайындағанда, бұл жолақтың жоғары вольттық электр тасымалдау жолдарындағы жоғары жиіліктік тығыздауда аз арналы телефон байланысының диспетчерлік аппаратурасында, жоғары вольттық қондырғыларының релелік қорғаныс сигналдарын беру және энергия жүйелерінің апатқа қарсы автоматикасында пайдаланатынын ескеру кажет.

К3: 65,(6)-67,(6) кГц жолағын стандартты жиіліктер және уақыт сигналдарының қызметіне, сонымен қатар радиохабар станцияларының синхронды желілерін басқару сигналдарын тарату үшін пайдалануға болады.

8,3–9

МЕТЕРОЛОГИЯНЫҢ КӨМЕКШІ ҚЫЗМЕТІ 5.54A 5.54B

8,3–9

МЕТЕРОЛОГИЯНЫҢ КӨМЕКШІ ҚЫЗМЕТІ 5.54A

БР

9–11,3

МЕТЕРОЛОГИЯНЫҢ КӨМЕКШІ ҚЫЗМЕТІ 5.54A

РАДИОНОВИГАЦИЯЛЫҚ

9–11,3

МЕТЕРОЛОГИЯНЫҢ КӨМЕКШІ ҚЫЗМЕТІ 5.54A

РАДИОНОВИГАЦИЯЛЫҚ

К1

БР

11,3–14

РАДИОНОВИГАЦИЯЛЫҚ

11,3–14

РАДИОНОВИГАЦИЯЛЫҚ

К1

БР

14–19,95

ТІРКЕЛГЕН

ТЕҢІЗДЕГІ ЖЫЛЖЫМАЛЫ 5.57

5.55 5.56

14–19,95

ТІРКЕЛГЕН

ТЕҢІЗДЕГІ ЖЫЛЖЫМАЛЫ 5.57

К1 5.56

БР

19,95–20,05

СТАНДАРТТЫ ЖИІЛІКТЕР МЕН УАҚЫТ СИГНАЛДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ (20 кГц)

19,95–20,05

СТАНДАРТТЫ ЖИІЛІКТЕР МЕН УАҚЫТ СИГНАЛДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ (20 кГц)

К1

БР

20,05–70

ТІРКЕЛГЕН

ТЕҢІЗДЕГІ ЖЫЛЖЫМАЛЫ 5.57

5.56 5.58

20,05–70

ТІРКЕЛГЕН

ТЕҢІЗДЕГІ ЖЫЛЖЫМАЛЫ 5.57

РАДИОНАВИГАЦИЯЛЫҚ

К1 К2 К3 5.56 5.58

БР

70–72

РАДИОНАВИГАЦИЯЛЫҚ 5.60

70–72

РАДИОНАВИГАЦИЯЛЫҚ 5.60

К1 К2

БР

72–84

ТІРКЕЛГЕН

ТЕҢІЗДЕГІ ЖЫЛЖЫМАЛЫ 5.57

РАДИОНАВИГАЦИЯЛЫҚ 5.60

5.56

72–84

ТІРКЕЛГЕН

ТЕҢІЗДЕГІ ЖЫЛЖЫМАЛЫ 5.57

РАДИОНАВИГАЦИЯЛЫҚ 5.60

К1 К2 5.56

БР

84–86

РАДИОНАВИГАЦИЯЛЫҚ 5.60

84–86

РАДИОНАВИГАЦИЯЛЫҚ 5.60

К1 К2

БР

86–90

ТІРКЕЛГЕН

ТЕҢІЗДЕГІ ЖЫЛЖЫМАЛЫ 5.57

РАДИОНАВИГАЦИЯЛЫҚ

5.56

86–90

ТІРКЕЛГЕН

ТЕҢІЗДЕГІ ЖЫЛЖЫМАЛЫ 5.57

РАДИОНАВИГАЦИЯЛЫҚ

К1 К2 5.56

БР

90–110

РАДИОНАВИГАЦИЯЛЫҚ 5.62

Тіркелген

5.64

90–110

РАДИОНАВИГАЦИЯЛЫҚ 5.62

Тіркелген

К1 К2 5.64

БР

5.53 8,3 кГц-тен төмен жиіліктерді пайдалануға рұқсат беретін әкімшіліктер 8,3 кГц-тен жоғары жиіліктерге бөлінген қызметтерге зиянды кедергілердің болмауын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауы керек. (ДРК-12)
5.54 8,3 кГц-тен төменгі жиіліктерді ғылыми зерттеулер жүргізуге пайдаланатын әкімшіліктер бұл зерттеулерді зиянды кедергілерден қорғауға қажетті барлық мүмкін шараларды қолдану мақсатында бұл туралы мүдделі болуы мүмкін әкімшіліктерді хабардар етуі тиіс. (ДРК-12)
5.54A 8,3-11,3 кГц жиілік жолақтарының метеорологияның қосалқы қызметтерімен пайдаланылуы бейтарап қолданыспен ғана шектеледі. 9-11,3 кГц жолағында метеорологиялық қосалқы қызметтер станциялары Бюроға 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін өтінімге ұсынылған радионавигация қызметінің станцияларынан қорғаныс талап етпеуі тиіс. Өтінімге осы мезгілден кейін берілген метеорологиялық қосалқы қызметтер станциялары мен радионавигация қызметінің станциялары жиіліктерді бірлесіп қолдануын қамтамасыз ету үшін ХЭО-R Ұсынымының ең соңғы RS.1881 нұсқасын пайдалану қажет. (ДРК-12)
5.54B Қосымша таратылу:   Алжир, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей Федерациясы, Иран (Ислам Республикасы), Ирак, Кувейт, Ливан, Марокко, Катар, Сирия Араб Республикасы, Судан және Тунисте 8,3-9 кГц жолағы радионавигациялық, тіркелген және жылжымалы қызметтеріне бірінші негізде бөлінген. (ДРК-15)
Полная версия
ИС BestProfi