«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 16.02.2016
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 ақпанда № 10294 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 16 ақпаннан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 31.12.2015 жылғы № 717 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З.Ж. Оразалиева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
____________________Е. Досаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
2015 жылғы 20 қаңтар
____________________Е. Досаев
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығымен бекітілген
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бастауыш, негізгі орта және жалпы білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – орта білім беру ұйымдары) білім алушыларға ақылы және тегін негізде тамақтандыруды ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
2. Білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру – бұл білім алушыларға, олардың білім беру ұйымдарында болу кезеңінде тамақтандыруды ұсыну бойынша қызмет көрсету үшін қажетті жағдай жасау.
3. Тамақтандыруды ұйымдастырудың міндеттері:
білім алуышыларды тиімді тамақтандырумен қамтамасыз ету;
тағам әзірлеуде пайдаланатын тамақ өнімдерінің сапасына және қауіпсіздігіне кепілдік беру;
білім алушылар арасында тамақтан уланудың алдын алуға және профилактикасына бағытталған санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау болып табылады.
Полная версия

