«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 сәуірде № 10666 тіркелді
Редакция 14.02.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Досаев
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығымен бекітілген
Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 жылғы № 546 Бұйрығына сәйкес (20.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 24.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жобалау объектілерінің күрделілігін анықтау үшін критерийлерді белгілейді.
Қағидалар «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік (мемлекетаралық) техникалық регламенттер мен нормаларға сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар тапсырыс берушілер, құрылыс жобаларын әзірлеушілер, сараптау ұйымдары және жобалауға арналған тапсырманы жасауға, техникалық-экономикалық негіздеме немесе жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге қажеті бастапқы құжаттар (материалдар, деректер) жинау мен ресімдеу бойынша жобалауға дейінгі рәсімдерді жүргізуге қатысушылар үшін басшылық құжат болып табылады.
3. Қағидаларда белгіленген критерийлер бойынша жобаланған ғимараттар мен құрылыстар бір мезгілде техникалық жағынан күрделі, сондай-ақ технологиялық жағынан күрделі болуы мүмкін.
Өндірістік мақсаттағы технологиялық жағынан күрделі объектілер бір мезгілде «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген белгілер бойынша әлеуетті қауіпті өндірістік объектілерге жатқызылуы мүмкін.
4. Функционалдық мақсатына немесе салалық (ведомстволық) тиесілігіне қарамастан техникалық және технологиялық жағынан күрделі объектілерге мыналар жатады:
Полная версия

