Балық аулау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 1 сәуірде № 10606 тіркелді
Осы Бұйрыққа өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 14.10.2025 жылғы № 372 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 18.08.2025 жылғы № 249 Бұйрығына сәйкес (07.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.11.2019 жылғы № 86 Бұйрығына сәйкес (15.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Балық аулау қағидалары «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-1-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке және заңды тұлғалардың балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, бақылау үшін аулауды, мелиорациялық аулауды, сондай-ақ өсімді молайту мақсатында аулауды ұйымдастыруы мен жүргізуі тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.08.2017 жылғы № 338 Бұйрығына сәйкес (06.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 18.08.2025 жылғы № 249 Бұйрығына сәйкес (07.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидалардың 8-тармағының, 9-тармағының 1), 3), 6), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларының, 10-тармағының 2), 3), 4), 6), 12), 18) және 19) тармақшаларының, 3-тарауының күші «Аквашаруашылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көл-тауар шаруашылық қызметін жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне қолданылмайды.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.11.2019 жылғы № 86 Бұйрығына сәйкес (15.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 14.10.2025 жылғы № 372 Бұйрығына сәйкес (18.08.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су айдындарында балық аулау «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 14.10.2025 жылғы № 372 Бұйрығына сәйкес (18.08.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Осы Балық аулау қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
4-тармақ өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.08.2017 жылғы № 338 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тармақ өзгертілді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.11.2019 жылғы № 86 Бұйрығымен (15.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 07.02.2023 жылғы № 35 Бұйрығына сәйкес (13.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) аншлаг –өсімді молайту учаскелері мен тыныштық аймақтарының, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің атауы мен шекараларын, сондай-ақ аңшылыққа және балық аулауға тыйым салынған мерзімдер мен орындарды көрсететін маңдайша жазу;
2-тармақша алынып тасталды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 14.10.2025 жылғы № 372 Бұйрығына сәйкес (18.08.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақша алынып тасталды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 14.10.2025 жылғы № 372 Бұйрығына сәйкес (18.08.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)