Близость слов: Окончание:





Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 сәуірде № 10722 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.04.2015 жылғы № 372 Бұйрығына сәйкес (01.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.06.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 17.07.2017 жылғы № 477 Бұйрығына сәйкес (28.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Редакция 21.04.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 11-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 28.12.2023 жылғы № 171 Бұйрығына сәйкес (06.10.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса берiлiп отырған Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.04.2015 жылғы № 372 Бұйрығына сәйкес (01.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.06.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 17.07.2017 жылғы № 477 Бұйрығына сәйкес (28.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
 2015 жылғы 1 сәуірдегі
 № 299 бұйрығымен
 бекітілген
Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.04.2015 жылғы № 372 Бұйрығымен (01.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.06.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.06.2016 жылғы № 288 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 17.07.2017 жылғы № 477 Бұйрығына сәйкес (28.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге (бұдан әрі – ТЭН) және жобалау-сметалық құжаттамаға (бұдан әрі – ЖСҚ) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 11-5) тармақшасына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 28.12.2023 жылғы № 171 Бұйрығына сәйкес (06.10.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қағидалар:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 жлығ № 557 Бұйрығына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2019 жылғы № 375 Бұйрығына сәйкес (04.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.04.2020 жылғы № 232 Бұйрығына сәйкес (30.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.08.2021 жылғы № 423 Бұйрығына сәйкес (26.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге), сондай-ақ аумақтарды инженерлік дайындау, оларды абаттандыру мен көгалдандыруға арналған ТЭН және ЖСҚ «бір терезе» қағидаты бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу тәртібін;
ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін арнайы объектілерді салуға арналған ЖСҚ кезең-кезеңмен әзірлеудің және келісудің жеке жоспарын бекіту тәртібін;
кезең-кезеңімен жобалау және салу көзделген объектілер мен кешендер бойынша сараптамалық сүйемелдеу режимінде жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
3. Жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, бұрыннан барын өзгерту (реконструкциялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту және күрделі жөндеу), сондай-ақ объектілердің аумақтарын инженерлік дайындау, оларды абаттандыру мен көгалдандыру жобалары бойынша объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама «бір терезе» қағидаты бойынша жүргізіледі және жобаларға немесе экологиялық сараптаманы, жобалардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасында (салалық сараптаманы) қамтиды;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 жлығ № 557 Бұйрығына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.08.2021 жылғы № 423 Бұйрығына сәйкес (26.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi