Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.12.2020
Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 126 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 сәуірде № 10638 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-196/2020 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 28.06.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 155-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндеттерін атқарушы М. Құсайынов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
___________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 3 наурыз
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
 міндеттерін атқарушының
 2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 126 бұйрығымен бекітілген
Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидалары
1. Осы Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 155-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар жеке медициналық кітапшаларды берудің, есепке алудың және жүргізудің бірыңғай тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жеке медициналық кітапша – жұмысқа жіберу туралы белгі қойылып, міндетті медициналық тексеріп-қараулардың нәтижелері енгізілетін, халықтың декреттелген тобының өкіліне берілетін жеке құжат;
2) халықтың декреттелген тобы – айналасындағы адамдарға инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтыру қаупі барынша жоғары қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін адамдар.
Полная версия
ИС BestProfi