Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 06.04.2018
Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидаларын, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттарын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 134 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 сәуірде № 10653 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 6 сәуірден бастап ҚР Қаржы министрінің 19.02.2018 ж. № 232 Бұйрығына сәйкес
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 54-бабының 5) тармақшасына, 409-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына;
2) бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттары осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д. Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2015 жылғы 26 ақпандағы
 № 134 бұйрығына
 1-қосымша
Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидасы
1. Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу туралы осы қағида бажсыз сауданың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге, халықаралық ұйымдардың оларға теңестірілген өкілдіктеріне, консулдық мекемелерге, сондай-ақ дипломатиялық агенттерге, консулдық лауазымды адамдарға және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне өткізу тәртібін анықтайды.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бажсыз сауда дүкендерінде тауарлар бөлшек саудада өткізіледі.
3. Астанада тауарларды өткізу шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге, халықаралық ұйымдардың оларға теңестірілген өкілдіктеріне, консулдық мекемелерге, сондай-ақ дипломатиялық агенттерге, консулдық лауазымды адамдарға және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, мұндай тұлғаның Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде аккредиттелгенін растайтын құжатты ұсынған кезде және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынған таратуға шек қойылған қызметтік ақпаратында тауарларды өткізу кезінде осы тұлға туралы деректер болған жағдайда жүзеге асырылады.
4. Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бақылау-касса машиналарын міндетті түрде қолдана отырып, сондай-ақ салық заңнамасының шот-фактураны жазу және оны тауарларды сатып алушыға беру бойынша талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады.
5. Сатып алушыға берілетін бақылау-касса машинасының чегі немесе тауарға, жұмысқа, көрсетілген қызметке төленген сомаға тауарлық чек (сауда автоматтарында қолданылатын бақылау-касса машиналарын қоспағанда) тауарды сату фактісін растайтын құжат болып табылады. Мұндай құжаттардың көшірмесі бажсыз сауда дүкендерінде сақталады.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2015 жылғы 26 ақпандағы
 № 134 бұйрығына
 2-қосымша
Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттары
Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттары мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде тұлғаның аккредитацияланғанын растайтын құжатты сканерлеу үшін құрылғының болуы;
2) бажсыз сауда дүкенінің аумағына жеке тұлғалардың кіруіне бақылау-өткізу режимінің болуы;
3) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратын пайдалана отырып, жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің рұқсатының болуы;
4) бажсыз сауда дүкені аумағында соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейне ақпараттарды қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тәулік бойғы режимде жұмыс істейтін бейне бақылау құралдарымен жабдықталған адамдардың аумаққа және (немесе) үй-жайларға (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар тұрған) кіруін және аумақтан және (немесе) үй-жайлардан шығуын бақылау жүйесінің болуы.
5) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің таратылуы шектеулі ақпаратына қол жеткізу.
Полная версия
ИС BestProfi